1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет13/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
1. Абай а ынды ыны ал аш ы кезе дерін к рсеті із

12. АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абай Құнанбаев шығармасына аудармалық еңбектерінің ала келген аса әсері өте жоғары. Ал Абайдан соңғы қазақ әдебиетін алсақ, ұлы ақын жасаған аударманың мәдениеттік, тәрбиелік, көркемдік әсері ұшан-теңіз. Өзге-өзгесінен бұрын, Абай аудармалық еңбегімен және де өз тұсындағы тыңдарманын көп тәрбиеледі.
Абай «Евгений Онегинді» бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударады. «Онегиннің сипаты», «Татьянаның хаты», «Онегиннің ойы» («Таңғажайып»), «Онегиннің сөзі» («Хатыңнан жақсы ұғындым») «Онегиннің хаты» («Құп білемін, сізге жақпас») «Татьянаның сөзі» («Тәңірі қосқан»), «Ленскиидің сөзі» («Барасың қайда-қайда»).
Осындай жеті бөлек жекеше тақырыптармен түгел «Евгении Онегин» романының ұзын бойына созылып, екі жас арасындағы махаббаттың хал-құбылыстары беріледі. Әрине, бұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай, сырт қалады. Абай ол романның ішінен тек Онегин, Татьяна арасында кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады көбінше, Абайдың аударуында хаттарменен баян етілген роман (эпистолярный роман) қалыптанған тәрізді [1].
Аудармасының соңында Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Пушкинде жоқ. Еркін өзгерістің, Абайдың өзінше дәлелдеген, ерекше бір түрі.
Қазақ оқушысына көптен мәлім мәселе, Абайдың бұл аудармасында Пушкиннің текстіне үнемі ұқсас келіп отырмайтын еркіндік бар. Жеке алғанда, Онегиннің сипатында, Ленскиидің сөзінде және Татьянаның «Амал жоқ, қайттім білдірмей» деп басталатын хатында, онан соң Онегин айтқан хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін» дейтін бөлімдерде Пушкинге көп жерлерінде Абай жақын келіп отырады. Кейбір жолдар мен Пушкин қолданған теңеулерді де Абай шебер етіп аударып береді. Бірақ сонда да бұл бөлімдердің өзінде Абайдың өзінен қосылған жолдар, шумақтар, oй сезімдер жиі ұшырайды. Ал Онегиннің алғашқы хатты алғанда ойланатын жері Абайда «Таңғажайып» деп басталатын үлкен өлеңмен баян етіледі. Онан соң «Онегиннің кейін жазатын хаты» («Құп білемін, сізге жақпас») және «Татьянаның сөзі» («Тәңірі қосқан жар едің сен») бәрі де Пушкин текстісінен алыстап кетіп, мейлінше еркін суреттелген болады. Бұл тұстарында Абай Пушкиндей аударма жасамай, оның орнына Пушкиннің ізімен жаңа жайларды жырлап кетеді.
Ең аяғында, жоғарыда айтылғандай, Онегиннің өкінішін үлкен трагедиялық ауыр ойға жеткізіп, оған өлім тілетеді. Бұл Абайдың мүлде өз жанынан қосқан халдер мен өзгерістері дедік. Осылайша Пушкиннің үлкен шығармасына қазақ ақыны Абай бірталай еркіндік жасайды. Бұндай шығармалық еңбек етудің екі түрлі айқын себебі бар деп білеміз. Оның біріншісі көне ең үлкен себебі — Абай орыс жастарының сезімсырларынан, өмір түйін тағдырынан өзінің жас оқушысына үлгі боларлық тәлім-тәрбие бермекші болады. Екінші себебі, біздің ойымызша, 1889 жылы жалғыз «Бородиноны» аудармасын еске алмағанда, қолға алғаны осы Пушкин романы. Бұл уақытта Абайдың ақындық аударма турасындағы түсінігі, көзқарасы өзінше, өзгерек болған тәрізді. «Ескендір» поэмасының тақырып желісін Низамиден алып, өзгертіп жырлағаны сияқты. Абай бұрын өзі білген, ақын Шығыс классик поэзиясында қолданып жүрген нәзира» жолын қолдана түскен тәрізді. Аударатын оригиналдың өзінде бар шындық пен сырлардың, халдер мен қасиеттердің көбін арқау етіп ала отыра және де тың арман, мақсаттар қосады. Осылайша аудару өз заманындағы оқушылар үшін ұстаздық, үгіт жағынан қажеттірек деп ұсынады [1].Абай Татьяна мен Онегиннің ішкі сезім сырларын ашқанда, өз қолынан келген ақындық, шеберлік, ізденушілік өнерінің бәрін жұмсайды. 1889 жылға шейін Абайдың өзі жазған өлеңдерінде Татьянаның хатындай немесе соңғы жауабындай және де Онегиннің «Құп білемін, сізге жақпас» деген хатындай өлеңді ұшырата алмаймыз. Бұл өлеңдерге Абай бұрын қолданбаған тың түр табады. Онысы — шалыс ұйқасты қолдану. Ырғақ жағынан да Пушкиннің қысқа жолдарына жақын отыруға тырысады. Шалыс ұйқасты Пушкин қолданатын көп ұйқастардың ішіне ең жиі кездесетін үлгісі ретінде жаңа түр етіп алады. Кейін аударып болысымен, Татьяна мен Онегиннің сырлы сөздеріне арнап, өзінше әсем саздар тудырады. Ішкі сезім толқындарын барынша нәзік, өткір, орамды шеберлікпен келтіруде, Абайдың ақындығы осы еңбек арқылы өзі де биік белге шыққандай болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет