Ұстаздар күніне арналған мерекелік дастарханның сценарийі І жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, Аяулы біздің ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
І жүргізуші: Қажымас қайрат,
ІІ жүргізуші: Шығармашылық табыс,
І жүргізуші: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз! ( музыка)
ІІ жүргізуші: - Шаңырақта биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуаныштан жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.
- Құттықтау сөз кезегін сөйлеу үшін құрметпен ортаға мектеп директоры Қойгелдина Айсұлу Әнуарқызын шақырамыз.
І жүргізуші: Жылы лебізінізге алғыс айта отырып келесі кезекте ойынға берсек «Жүректен жүрекке» сергіту ойыны. Ортаға 7 мұғалім дөңгелене тұра көршілерімен сәлемдеседі, бір бірінің жақсы мінездерін, жаман мінездерін айтып өтеді.. Содан соң қолдарына жүрекше беріліп, бір - біріне қайталанбайтын тілектер айтылады. ????????
ІІ жүргізуші: Ұстаз - ұлттың тірегі. Ұлттың ұлы ел болып, биікке көтерілуі – ұстаздың ұлағаттылығынан. Ұстазы мықты қашанда алысқа барады.
І жүргізуші: Әр баланың балаң жүрегіне мейірімділік нұрын ұялатып, оның болашаққа деген үлкен сенімі мен үмітін үкілеп беретін мектебіміздің ардагер ұстаздарын мақтанышпен атап өтеміз: олар ----------------------ағайларды ортаға құрметпен шақырамыз.
ІІ жүргізуші: - Алтыннан ардақты ардегер ұстаздарымызға арнап ------ орындауында............ әні қабыл алыңыздар!
І жүргізуші: Ұстаз - әр шәкіртінің асқақ үмітін арқалап, сара жол салып беруші. Ата – ана мен мемлекет әрқашан ұстаздарға үлкен сенім артады. Білім ордамыздағы жас ұрпаққа берілетін сапалы оқу тәрбие жұмысын жүйелеп отыратын, ұжымының көшбасшысы болып табылатын мектеп әкімшілігінің еңбегі ерекше. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі шәкірттердің болашаққа деген ұмтылысынан көрініс табады. Ендеше келесі құттықтау сөз әріптестер аға буын өкілдері ақыл кеңесін айтудан жалықпайтын, қашанда жаманымызды жасырып, жақсылығымызды асырып отыратын аға апаларымыз ??Гүлнар бастаған Тойған, Көңіл, Күнімай, Жайлаухан, Гүлмира, Молдаш ағайларды ортаға қол соғып қошеметпен шақырамыз.???