1. Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз


Басқарудың теориясы мен практикасының тиімді жақтарын көрсетіңіз



бет12/59
Дата22.05.2023
өлшемі142,81 Kb.
#95862
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Байланысты:
баскару ответы (копия)

15.Басқарудың теориясы мен практикасының тиімді жақтарын көрсетіңіз.


Басқару және оның қоғамдағы ролі. Басқарудың «құпиясы» мен мәселелері әр заманда да қоғамның ортасында болған. Қоғамның дамуындағы басқарудың ролін бағалау оңай емес. Көбіне, оның мағынасы мемлекеттің, ұжымның және жеке адамның табысында дұрыс бағаланбайды. 1994 жылғы ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде «басқару» және «менеджмент» ұғымдары синоним ретінде қарастырылады. Бірақ та «басқару» ұғымының мәні, «менеджмент» ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені басқару табиғатта да, техникада да, тірі организмдерде де және әлеуметтік ортадағы осы ғылымның пәні ретінде де орын табады.

Еңбектің кооперациялануы мен бөлінуінің барысында дербестелген адамның іс-әрекетін басқару дейміз. Мұндай дербестік қоғамдық өндірістің дамуының қажетті де объективті жағдайы.

Басқарудың мәні, оның қызметі және ерекшелігі: біріншіден, оның алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған жолымен, екіншіден, басқарушылық еңбек процесінің "оңай" сәттерінің мағынасымен, яғни еңбек заттары мен еңбек құралдары және еңбектің өзімен тікелей байланысты. Басқарушылық еңбек ой еңбегі түрлерінің біріне жатады. Бұл еңбек материалдық игілікті өндіруге тікелей қатыспаса да, жұмысшының жиынтық еңбегінің ажыратылмас бөлігі. К. Маркс өндірістің кооперативтік сипатында өнімді еңбек анықтамасын тек жұмысшының тұтас жиынтығы деп қараған дұрыс деген пікір айтады. Бұл жағдайда өндіруші қызметкерлер қатарына тауар өндіруге қатысы бар жұмыскерлерден бастап, директор, инженерлермен бірге, барлық қызметкерлер қосылады. Олай болса, басқарушылық еңбек — барлық түйдектелген өндіріс тәсілдерінде қолданылуға қажетті өнімді еңбек.

Басқарудың негізгі мақсаттары, біріншіден, ұйымның (фирманың) жұмысын жақсарту үшін ұйымдастырушылық қажетті жағдайларды туғызу, екіншіден, жоспарланған нақтылы нәтижеге жету үшін жекелеген еңбек процестерінің арасында үйлесімділікті қалыптастыру, жұмысшылардың бірлескен әрекетін өзара келістіруді қамтамасыз ету. Демек, басқару ең алдымен адамдармен жұмыс істеу, ал олардың еңбек әрекеті басқарушылық ықпалын тигізетін объект қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет