1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2022 жылғы 16 наурыз



бет18/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі

72. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2022 жылғы 16 наурыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды. Ел Президенті жолдауын саяси ахуалдың күрделеніп тұрған шағындағы елімізде орын алып жатқан жағдайлармен бастады. Қаңтар оқиғаларының салдары мен тергеу жұмыстарының нәтижелері туралы айтып өтті. Бүгінгі күнге дейін саяси реформалардың төрт топтамасын ұсынғанын атап, саяси саладағы оң өзгерістер ретінде қабылданған заңдарға тоқталды. Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесіміне негізделу қажет екенін, оның қалыптасуына бірнеше жыл уақыт жұмсалатынын айтты. Әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан, елімізде дағдарысты жеңудің құралдары мен қорлары жеткілікті екенін атап айтты. Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігінің маңыздылығын да негіздеді. Саяси реформалардың маңызды бағыты ретінде өкілетті билік органдарын құрудың ережелерін өзгертуді, Президенттің басқару мерзімінде ешбір партия құрамында болмауын заңдық негізде енгізуді ұсынды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Сайлау рәсімдерін жетілдіру үшін байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуі тиіс екенін, сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутаттарды қайтаруға болатынын айтып өтті. Жергілікті және өзін-өзі басқару мәселелерінің өзектілігін негіздеді. Облыс және қала әкімдерін тағайындау ережесі өзгерді. Аймақ басшыларын тағайындау мәслихат сайлауы арқылы өтеді. Президент облыс және қала әкімдерін мәслихатпен кеңеспей орындарынан босата алады. Әкім орынбасарларының саны 3-пен шектелуі қажет екеніне назар аударды. Мәжілісте қабылданған заңдарды Сенаттың мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы берілетін нормаларды жасауды ұсынды, яғни Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялап, елімізді саяси- экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарын ұсынды, бірқатар маңызды міндеттер қойды, бірқатар бастамалар көтерді. Бұл жолдау ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Ерекше эмоцияға бөлейтін, ұлттық рухты оятатын, үлкен өзгерістерге бастайтын, жаңа серпін және жаңа екпін беретін бұл жолдауды тарихи жолдау деп айтуға болады. Жолдауда саяси мәселелер, оның ішінде сайлау жүйесі, құқықтық жүйе, ел өңірлерін дамыту секілді мәселелер көтерілді. Қазақстанның саяси жүйесінде біршама өзгеріс болды: Президенттің партияға мүшелігі тоқтатылды, Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға тыйым салынды, Парламенттің рөлі күшейтілді, Мәслихат төрағасы лауазымы енгізгілді, Сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық моделі қарастырылды, Конституциялық сот құрылады, Жаңа облыстар пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет