1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі



бет20/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
74. Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі.
КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.
Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды.
Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам "Даңқ" орденінің иегері атанды. Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Қазақстандықтар арасында алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма Семаченко (1941 жылдың 22-маусымында) алды. Панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлынан (11 желтоқсан 1991) соң бұл атақ ешкімге берілген жоқ.
Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды.
Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі батыр қызы: мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова да бар.
Ал Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін "Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы "Халық қаһарманы" атанды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1945 жылдары КСРО-дағы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық білім алуға аттанса, нақтыланбаған ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағында соғыс жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 000 офицер дайындап шығарған.
75. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан астаналарының тарихын баяндаңыз.
Семей. Семей қаласы — Алаш автономиясының астанасы (1917-1920 годы). Семей қаласының тарихы 1718 жылы басталған. Ол Петр I дәуірінде салынған. Осы кездегі шығыс жерлерді қорғау мен Иртыш маңындағы бекіністерді салу туралы Петр I Жарлығы шыққан. Одан кейін Семей бекінісі өзінің әскери-стратегиялық нысан ретіндегі қызметінен айырмай, сауда орталығына-да айналып кетті. Сауда орталығы ретінде ол Ресей мен Қазақстанды, Ресей мен Орта Азияны, Батыс Қытайды байланыстырды. XIX ғ. мен XX ғасырдың басында осы қалаға Ресейдің зиялы қауым өкілдері жер аударылып жіберілген. Сол себептен де, Алаш автономиясының Орынбордағы жалпықырғыздық съезінде Семей қаласы астана ретінде таңдалған.
Алматы. Алматы қаласы 1929-1998 жж. Қазақстан астанасы болған. X-XIV ғғ. қазіргі Алматының орнында ортағасырлық Алмату қонысы болған. Кейін 1854 жылы орыс казактары Верный фортын салынған. XIX ғасырда әскери бекіністі салу мақсатында мұнда казактар келген. Өңірдің сұлулығы мен қолайлы климаты оларды таңқалдырды. 1855 жылы Орталық Ресейден Верный қаласына алғашқы қоныстанушылар көшіп келген. Осы кезде Алаутау ауылдық округінің әкімшілік орталығы көшірілді. 1927 жылы құжаттар бойынша қала автономияның астанасы болып тағайындалды, ал шын мәнінде тек 1929 жылы астана қызметін атқара бастады. Осы кезден бері ауқымды құрылыстар жүргізіле бастайды. Қазіргі күнге дейін де қала Қазақстандағы ірі қалалардың бірі мен елдің мәдени орталығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет