73.Ресейдегі тамыз бүлігі және ТМД құрамындағы Қазақстан. Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) (орыс: Содружество Независимых Государств, СНГ) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
ТМД ұлттықтан жоғары ұйым болып табылмайды және өз қызметін ерікті негізде, оның мүшелерінің келісімімен жүзеге асырады.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді.
1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты.