1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


))Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы инновациялық даму саясатының мәні мен маңызы



бет32/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
90))Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы инновациялық даму саясатының мәні мен маңызы.

Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «индустриялық-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш — оның экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты — индустриялы-инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.

«Индустрияландыру» ұғымын терминологиялық көзқарас жағынан қарастырайық. Уикипедия танымал электронды энциклопедиясына сəйкес: «Индустрияландыру (немесе өнекəсіптік төңкеріс) (лат. тілінде Industria) — дамудың дəстүрлі кезеңінен индустриялы кезеңге экономикада өнеркəсіптік өндірістің басымдылығымен үдетілген əлеуметтік-экономикалық ауысу үдерісі. Бұл үдеріс жаңа технологиялардың дамуымен байланысты, əсіресе энергетика жəне металлургия салаларында. Индустрияландыру барысында қоғам да кейбір өзгерістерге ұшырайды, оның əлемдік тануы өзгереді. Еңбекке позитивті көзқарас, жаңа технологияларды жəне ғылыми жаңалықтарды мейлінше тезірек қолдануға ұмтылу да өндірістің жəне халық табысының үдемелі өсіміне өз үлесін қосады. Нəтижесінде, аса кең ауқымды, ақыр аяғында, өнімнің жəне қызметтің барлық түрлерінің əлемдік нарығы қалыптасады, бұл, өз кезегінде, əрі қарай экономикалық өсімнің инвестицияларын ынталандырады

Қазақстанда ең алғашқы үдемелі индустрияландырудың қажеттілігі жөнінде ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан–2050» Стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жариялады. Бұл Жолдауға сəйкес, үдемелі индустрияландыру — бұл жаңа салаларды қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ экономиканың бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын инновацияларды жəне жоғары технологияларды енгізу негізінде дəстүрлі салалардың дамуы



Елімізде үдемелі индустрияландырудың тəжірибелік жүзеге асуы Қазақстан Республикасының 2010–2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын қабылдаудан басталды . Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) елдің 2020 жылға дейінгі инновациялық даму қағидаттарын, іргелі бағыттары мен басымдықтарын білдіреді.
Тұжырымдамада Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің жай-күйін талдау, сондай-ақ инновациялық дамудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері көрсетіледі, бұлардың түпкілікті мақсаты нарыққа бәсекеге қабілетті тауарларды, процестер мен қызметтерді шығару болып табылады.
Бүгінде инновациялық қызметтің қарқындылығы көбінесе экономикалық даму деңгейінен көрінеді: жаһандық бәсекеде инновациялар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін елдер жеңіске жетеді. Яғни, инновациялық экономиканы дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Елде дамыған кәсіпкерлік сектор мен қоғамның инновацияларды қабылдау мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары кіріс әкелетіні туралы шетелдердің тәжірибесінен тұжырым жасауға болады. Жаңа ғылыми басылымдарға, бұйымдарға, технологияларға, қызметтерге, кадрлар біліктілігіне, басқару әдістеріне шоғырландырылған инновация экономикалық дамыған елдердің бәрінде де бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі 4,3%-ды құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш – 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда, Францияда – шамамен 50%-ды, Ресейде – 9,1%-ды құрайды.
Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына байланысты күшейіп келе жатқан бәсеке, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі ниеті дамудың келешектегі жолы – инновациялық экономикаға жеделдетіп өтуді айқындап берді.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанды инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі пайымы мен бағыттарын тұжырымдауды тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет