1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы



бет29/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
85. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды.


Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.

Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды.

86. Жұмабек Ташенов және ХХ ғасырдың 60 - жылдардағы Қазақстандағы жер мәселесі.

Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (20 наурыз 1915 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Танакөл ауылында (Бабатай қыстауында) туған[1] - 18 қараша 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962).

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Түркістан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет