1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


«Қазақстан Республикасы егемендігі туралы» декларациясының маңызы. (1990ж. 25 қазан)



бет30/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі

87. «Қазақстан Республикасы егемендігі туралы» декларациясының маңызы. (1990ж. 25 қазан)

Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.


88) Мұстафа Шоқай тұлғасы және Түркістан автономиясы.

Мұстафа Шоқай – ХХ ғ. басында Түркістан халықтары мүддесін қорғау жолында белсенділігімен көзге түскен қазақ зиялыларының алғашқы толқынының өкілі. Сонымен қатар ол 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін құрылған Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) жетекшісі болғанын да білеміз. Енді осы автономияның құрылу тарихына зер салсақ. 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында өлкелік төтенше ІV Мұсылмандар сиезі шақырылды. Сиез төралқасында: М.Шоқай, У.Қожаев, Юргулы-Агаев, С.Герцфельд, О.Махмудов, И.Шагиахметов, Көшкінбаев, Камал-Кары, А.Уразаев, Пилиев, Каримбаев, М.Бехбудилер және т.б. болды.

Сиездің күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: Түркістанды басқару жүйесі, Атқару комитетін сайлау, Түркістан кеңесінің мұсылмандар депутаттарын қайта сайлау, милиция, қаржы және т.б. Басқосудың басты мәселесі – Түркістан өлкесін басқару жүйесі. Сиезге қатысқандардың барлығы дерлік автономия және тәуелсіздік жариялау идеяларын қолдады. Сонымен қатар өз нанымын, салтын, ұлттық құқықтарын сақтап қалуды көздеді. Бұл сиезді кіріспе сөзбен Мұстафа Шоқайдың өзі ашты. Ол сөзінде: Ресей түгелдей және Түркістан өз келешегін өздері ойлауы керек. Өлкедегі ауыр жағдайға ашаршылыққа ұласуы ықтимал азық- түлік тапшылығы қосылуда дей келіп, “осы жағдайдан қайтсек аман-есен шығамыз” деп сауал тастады. Одан әрі Мұстафа Шоқай өлкеде орнаған Кеңес билігіне әкелген жолдың күнәсіз құрбандардың қанына боялғандығын, оған Ташкенде құрамына мұсылмандар өкілі енбеген үкіметтің құрылуы себепші болғандығын, төңкерістен кейін де жаңа билік басшыларының келісе жұмыс істеуге ықылас таныта қоймағандығын айттыМұстафа Шоқай кеңес үкіметінің Түркістан автономиясын “Мемлекет” деп көзге ілмегені туралы былай дейді: “Біздің дәрменсіздігімізді халық та сезді, жұмысшы, Солдат депутаттары да түсінген болатын. Сондықтан олар бізді көзге де ілмеді. Көпшіліктің 96-98 пайызы болғанымызбен біз Кеңестерге қарсы тұра алмадық” [5, 26-27], – деп ащы шындықты көрсетіп, Түркістан автономиясының барған сайын әлсіреп бара жатқанын көрсетті. 1918 жылы 18-23 қаңтарда Түркістан өлкесі кеңестерінің ІҮ өлкелік сиезі болып өтті. Ондағы басты мәселе өлкедегі автономия мәселесі еді. Большевиктер фракциясының атынан И.О.Тоболин сөз сөйледі: “Егер халықтың еркі осы өлке Россиядан бөліну керек деген пікірді қолдаса, онда біз оларға бөліну құқығын өздеріне береміз. Бірақ қазір тез арада автономия жүргізу жайлы айтуға болмайды. Өйткені автономияның бі­ рінші талабы өлкеден әскерді алып кету. Егер біз осы басты мәселені орындасақ, онда біз революцияның артынан жұдырық көрсеткен боламыз. Сондықтан біз автономия, тіпті өз алды, бөлек ел болу үшін тек қана дайындық жүргізе аламыз”, – деді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет