1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Цифрлық Қазақстан бағдарламасы - үлкен мүмкіндіктер (2017ж., 12 желтоқсан)



бет26/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
81. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы - үлкен мүмкіндіктер (2017ж., 12 желтоқсан).
Бағдарламаның мақсаты — орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру:
2. Көлікті және логистиканы цифрландыру.
3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
4. Электрондық сауданы дамыту.
5. Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
6. Мемлекет – азаматтарға.
7. Мемлекет – бизнеске.
8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
9. "Ақылды" қалалар.
10. Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту.
11. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
12. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.
13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).
14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау.
15. Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту.
16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту.
17. Инновацияға сұраныс қалыптастыру.
82.ХХ ғ. басындағы «Қазақ» газетін қоғамдық-саяси, әдеби, мәдени басылым ретінде ашып көрсетіңіз.
"Қазақ" газеті (قازاق) — 1918 – 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді.
Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет