1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


I-Жалпықазақ съезі және “Алаш” партиясының бағдарламасы



бет39/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
97.I-Жалпықазақ съезі және “Алаш” партиясының бағдарламасы
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:


  1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.

Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды.
Алаш партиясының бағдарламасы - 1917 жылы "Қазақ" газетінде пайда болған бағдарлама. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.
Алаш партиясының бағдарламасы
«Алаш» партиясының бағдарламасы 10 бөлімнен тұрды:

1.Мемлекет қалпы

2.Жергілікті бостандық

3.Негізгі ісі

4.Дін соты

5.Билік һәм сот

6.Ел қорғау

7.Салық


8.Жұмысшылар

9.Ғылым – білім үйрету

10.Жер мәселесі.
«Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет