Байланысты: 1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі
99. Тәуелсіз Қазақстандағы “ Мәңгілік ел” ұлттық идеясы және маңызын көрсет. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған.
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады.
Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар
Біріншіден, қандай да болмасын идея, оның ішінде Қазақстан жағдайындағы ұлттық идея халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы керек. Онда тек өткенмен қатар қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Осындай сипаттарға «Мәңгілік Ел» идеясы лайық екені сөзсіз. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға, біріншіден, мемлекеттің басқару жүйесі ынталы, құлықты болуы тиіс. Себебі, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттілігін қанағаттандырудан туындап қана қоймайды, сонымен бірге, ол мемлекет құраушы ұлт алдында тұрған басты мақсат пен шешуші міндеттердің жиынтығы ретінде өмір сүреді. Жалпы алғанда, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы философиялық талдауды қажет етеді. Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы қазақ халқы тарихының басты мәселесі болып отырғаны белгілі. Осы мәселеге қазақ халқы тарихында жауап іздемеген батырлар, қара қылды қақ жарып, әділін айтып, елді аузына қаратпаған шешендер мен көсемдер, хандар мен билер, тіпті, халық арасынан шыққан даналардың тарихта үнемі болып тұрғаны әлімсақтан белгілі. Бүгінде осы сұраққа жауап іздеу үрдісі әлі жалғасуда. Заман өзгерді, соған сәйкес жауаптың бағыты мен мазмұны да өзгерді. Қойылған тарихи сұраққа жауап беру деңгейі әрқилы, сан алуан. Сонымен, мәселе қойылды, идея, тұжырымдама ретінде халыққа ұсынылды. Ендігі мақсат осы мәселені дұрыс шешу, оның әлеуметтік-философиялық, тарихи-мәдени, саяси-экономикалық негіздерін жасау. Оған саясаткерлер мен отандық гуманитарлық ғылым да өз үлесін қосуда.
Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, «утопия» немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абстрактылы ұғымдар жиынтығы емес. Ол - Қазақстанның антологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темірқазығы, қоғам дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-саяси ұстаным. Басқаша айтқанда, ол - ұлттық идеологияға пара-пар нәрсе. Кешегі тоталитарлық жүйе кезінде бір идеология болғаны белгілі. Ол идеология социализм жүйесінің күйреуімен бірге тарих саханасынан келмеске кетті. Қайта құру дәуірі кезінде радикалдық тұрпаттағы «реформаторлар», Қазақстан мемлекеттік идеологияға мұқтаж емес, мемлекет идеологиядан тысқары болуы керек, тоталитарлық идеология мен демократия ұғымдары өзара сәйкес келмейді деген ойларды айтқаны белгілі.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу жүйесінің коды. Сонымен бірге, тіл - билік, үлкен саясат. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістікті қорғау, оған мемлекеттік тұрғыдан ықпал ету, ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудағы басты ұстаным болуы тиіс.