Осмостық қысымның әсері. Ұрықтар шәует көлемінде тез арада оның сары суынуы әсеріне түседі. Сонымен бірге өздерінің өмір сүру кезеңінде пайда болған заттардан химиялық құрамы өзгеруі мүмкін. Осы себептен ұрықтардың осмостық қысымы тұрақты емес. Мысалы, бұқада осмостық қысым 0°С 4,812-ден 9,142 атм. аралығында орта есеппен 6,95 атм қысымға тең (Г.Г. Козлов). Осыған байланысты ұрықтың сұйық бөлігінің физикалық және химиялық қасиеттерін ескеру қажет.
Ұрықтар осмостық қысым өзгеруіне өте сезімтал. Бұның осмостық қысымы ұрықтардың ішкі осмостық қысымына тең болуы қажет. Егер ұрықтарды гипотоникалық ерітіндіге немесе әдеттегі суға салса онда олар тез арада ішкі осмостық қысымның жоғарлауына байланысты өледі. Қолайлы жағдайда ұрықтар өздерінің өмірсүргіштігін тек изотоникалық ерітінділерде сақтайды.
Орта реакциясының әсері. Ұрықпен жұмыс жүргізгенде орта реакциясын, сонымен қатар сутегі иондарының концентрациясын ескеру керек, өйткені олар зат алмасу және ұрықтардың белсенділігі мен өмірсүргіштігіне ықпалын тігізеді. Ең қолайлы ұрықтарға орта болып бұқаға рН 6,9-7 қошқарға7-7,2, қабанға 7,2-7,5 саналады.
Егерде орта қышқыл рН 6 және одан төмен және күшті сілтілі болса, онда ұрықтар өледі. Сілтілі сұйылтқышта, айталық рН 7,9-ға тен болса, ұрық аналық малды қашыру қабілетінен айырылады. Сұйылтқыш қышқылдығы рН 6,3-6,5-ке жетсе, онда сперматозоидтер жылжуын тоқтатады, ал рН 6,0-ға немесе одан төмен болса, олар бір-біріне алғашқы кездері бастарымен кейіннен қалай болса солай жабысып қалады.
Химиялық заттардың әсері. Қолдан ұрықтандыру барысында асептика тәртібі сақталғанымен алынған ұрықтың бактериальдық флорамен ластануы әрдайым байқалады. Мамандардың ұрықтарға қайшы әсер етпейтін, бірақ микробтарды толығымен жоятын дезинфекциялық заттар табу нәтиже берген жоқ. Қазіргі кезде қолданатын дезинфекциялық заттардың бірде біреуі ұрықтарға толығымен қолайлы емес. Өте аз мөлшердің өзінде де олар ұрықтарға қайшы әсерін тигізеді. Осы факторлармен ұрықтандыру жұмыстарын емдеу орындарында, немесе емдеу үшін қолданған аспатарды қолданып ұрықтандырғанда нәтиженің болмауын былай түсіндіруге болады, спирт, қышқылдар, креолин, сірке қышқылы ұрықтарға күшті орта болып саналады. Сондықтан қолдан ұрықтандыру тәжірибесінде шыны немесе никельден жасалған аспатарды қолданады.