Микробтармен және саңырауқұлақтармен ластануының әсері. Микробтармен және саңырауқұлақтармен ластану, ұрықтың сапасы мен малдардың ұрықтануына тікелей әсер етеді. Табиғи жағдайда өндірушілердің ен сағағының, еннің иреленген жолдарында, ұрық жолында және уретраның бас кезінде микроорганизмдер болмайды. Сонымен ұрық зәр-жыныс жолымен өткенде және сыртқы ортамен жұғысқанда ластанады. Микроорганизмдер әсіресе өндірушілер тұрған қораның ауасында көп болады.
8. Жыныстық цикл, күйлеу -Жыныс циклы физиологиялық және морфологиялық процестерінің жиынтығы, қысыр аналық малдың жыныс жүйесінде және барлық организмде бір күйлеуінен екінші күйлеуіне дейін уақытта өтетін процесс. Сиырдың жыныс циклдары. Сиырдың жыныс циклының ұзақтығы 18-22 күн, орташа есеппен 21 күн. Сиыр полициклды малдарға жатады, дұрыс азықтандыру, асырау және пайдалану кезінде олардың жыныс циклдары жыл бойы қайталанады, бірақ көктемде қозу сатысның феномендері айқын байқалады. Төлдеуден кейін қозу сатысы 18-25 күннен кейін пайда болады. Анафродизияның (жыныс циклдарының болмауы) төлдеуден кейін 30 күннен кеш болуы бедеуліктің бір түрінің белгісі болады. Жыныс қозуының белгілері: сиыр мазасызданады, мөңірейді, жатпайды, құйрығын көтереді
Саулықтың жыныс циклы. Саулық полициклді мал. Зональдық жағдайға байланысты айқын белгіленген маусымы тамыздан наурызға дейін созылады бұны биологиялық ерекшеліктердеп емес, климатқа байланысты бедеулік деп қарау қажет. Қоздағаннан кейін күтімі жақсы болса, саулықтың жыныс циклы бір ай ішінде пайда болады, ұрықтандыру жұмыстары дұрыс жүргізсе, онда төлдеу қарқыны тығыз болады. Климат ауа-райына және асыруына байланысты жыныс циклының маусымы өзгеруі мүмкін. Саулықтың жыныс циклы 14-19 күн, көбіне 16-17 күн аралығында байқалады. Қозу сатысы 3-6 күнге созылады. Күйлеу сарпайдың ісінуі, гиперемиясы, дымқылдануымен сипатталады. Кілегей қынапта жиналып, кейбір малдарда сыртқа ағады. Қынаптан бөлінген кілегейді микроскоп арқылы зерттегенде көп санды ядросыз эпителиальды клеткалар байқалады. Жыныс қозуының белгілері маңыраумен, тынышсызданумен, азықтан бас тартуымен білінеді.