Бұғанаасты артериясы және оның тарамдары.Бұғанаасты артериясы жұп болып келеді. Оның оң артериясы иық-бас бағанынан басталса, сол артериясы қолқа доғасының өзінен басталады. Бұл артериялар көкірек куысынан жоғары қарай көтеріліп бірінші қабырға үстімен бұғана астына қарай кетіп, қолтықасты артериясына жалғасады.
Бұғанаасты артериясынан мынадай тармақтар шығады: омыртқа артериясы, ішкі көкірек артериясы, қалқан-мойын бағаны, жауырынүсті және мойынның көлденең артериялары. Бұл тамырлардың ішінде омыртқа артериясы бұғанаасты артерияларының бірінші тармағы болып басталып, мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің тесіктерімен жоғары көтеріліп, шүйденің үлкен тесігі арқылы ми сауытының қуысына өтеді. Одан кейін өзара (оң жағы мен сол жағы) бірігіп негізгі артерияны түзеді. Омыртқа артериясы өз жолында мойын еттерін, жұлынды, оның қабықтарын қоректендіреді. Сонымен қатар бұғанаасты артериясынан тарамдалған тамырлар тұлғаның арқа, иық және мойын бөліктеріндегі бұлшық еттері мен терісін және сүт бездерін қанмен қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылған омыртқа артериясының қосылысынан пайда болған негізгі артерия, мидың көпір тұсында мишықтың жоғары, төменгі артерияларына тарамдалған.
Қолқа доғасының тармақтары.
Қолқа және оның доғасының тармақтары.Қолқа жүректің сол қарыншасынан қанды әкететіүлкен қанайналым шеңберінің негізгі сабауы болып табылады. Қолқада келесі бөлімдерден тұрады: 1) қолқаның жоғарылаған бөлігі; 2) қолқа доғасы; 3) қолқаның төмендеген бөлігі; Жоғарылаған қолқа сол қарыншадан қолқа шығу орнынан басталып иық сабауының бөлінетін жеріне дейін созылып жатады және тамырдың интраперикардиальді қиындысына сәйкес келеді. Қолқа доғасы иықбас артериясының шыққан жерінен солжақ бұғана асты артериясына дейінгі тамыр бөліміне сәйкес келеді. Одан кейін көкеттің қолқалық тесігіне дейін төмендеген қолқа жатады. Қолқа доғасының төмендеген бөліміне өтетін жерінде қуыстың кішірейетін аймағы болады-қолқа мойнағы немесе қылтасы. Даму ақауларында қолқа қуысы бұл жер кішіреюі немесе толық бітеліп шиыршықталуы мүмкін. Қолқа доғасының шығыңқы бөлімінен иық-бас сабауы,сол жақ жалпы ұйқы артериясы және сол жақ бұғана асты артериясы шығады. Қолқа доғасының бастапқы бөлімі алдыңғы көкірекаралықтың жоғарғы бөлімінде, соңғы бөлігі артқы көкірекаралыққа өтеді. Қолқа доғасынң бастапқы бөлігі төстіктің оң жақ жиегі бойымен II төстік-қабырға буынының деңгейіне проекцияланады. Шығыңқы бөлігінің жоғарғы нүктесі төстік сабының ортасына проекцияланады. Қолқа доғасының алдыңғы сол жақ беткейіне сол жақ көкеттік,артында –сол жақ кезеген жүйкесі жатады. Қолқа доғасының оң жақ беткейіне жоғарғы қуысты вена, артында-кеңірдек, өңеш және кеуде түтігі, қолқа доғасының шығыңқы беткейі-өкпе беғанасының бифуркациясына және сол жақ бронхқа түйісіп жатады. Қолқа доғасы мен өкпе бағанасы арасында, сол жақ бұғана асты артериясының бөліну деңгейінде артериальді байлам орналасады - lig.arteriosum ( Боталлов түтігі). Қолқа доғасының және оның тармақтары алдында безымянные веналар және айырша безі жатады. Төмендеген қолқа IV -XI кеуде омыртқаларының арасында жатады. Артқы көкірекаралықта орналасады. Жоғарғы жартысында омыртқадан солға қарай орналасады,төменгі жартысында—ортаңғы сызыққы жақындайды ( VII-омыртқадан XI омыртқаға дейін). Төмендеген қолқадан жұп сегментарлы қабырғааралық артериялар және санының тұрақсыздығымен және топографиясымен ерекшелінетін висцеральді тармақтар (бронхтық, өңештік, жоғарғы көкеттік, көкірекаралықтық)шығады.