1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Сүйектердің байланысу түрлері



бет5/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

4.Сүйектердің байланысу түрлері
Адам қаңқасының сүйектері қысқа, жалпақ, ұзын болып келеді. Қысқа сүйектерді омыртқа, білезік, алақан сүйектері құрайды. Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйектің ми және бет сүйектері, қабырғалар жатады. Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге жіліктер жатады. Бұл сүйектердің іші сары кемігіне толы. Жіліктің басы сүйекті нығайтатын кемік заттан және қан өндіру мүшесі - сүйектің қызыл кемігінен тұрады.
Сүйектің байланысуы. Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын болып байланысады. Сүйектің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қисайып бітуі арқылы түзіледі. Осылай құйымшақ және сегізкөз өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән.
Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары шеміршекті астар мен омыртқа дискісін түзіп байланысқан. Бұл омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы.
Буын сүйектердің қозғалатын болып байланысуы. Буын тұтас сүйектерден тұрады. Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады.
Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін. Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық болады.
Қаңқаның сүйектену процесі дене тоқтағанда 22 - 25 жасқа қарай аяқталады.
5.Тұлға сүйектері, омыртқа жотасы, қабырғалар, төс сүйегінің құрылысы.
Адамның қаңқасы мынадай түрде бөлінеді.
Тұлға сүйектері омыртқалар, қабырғалар, төс.Бассүйек қаңқасы, ми сауыты, бет сүйегі.Қол-аяқ қаңқасы.
Тұлға қаңқасы.
Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабыртқалар және төс сүйегінен тұрады.
Омыртқа жотасы адам қаңқасының негізі: Ол 33-34 омыртқадан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-ті нағыз омыртқалар. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді.
Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді. 7-омыртқа – мойын, 12-омыртқа – арқа, 5- омыртқа бел, 5-омыртқа сегізкөз, 4-5 омыртқа құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.
Кез келген омыртқа денеден, доғадан және олардың аралығындағы омыртқа тесігінен құралады. Омыртқалардың тесіктері бір-бірімен жалғасып омыртқа жотасының ұңғылын түзеді. Ұңғылда жұлын орналасады. Омыртқадоғасында жоталық өсінді, екі көлденең өсінді, екі жоғарғы буын өсіндісі және екі төменгі буын өсінділері орналасады.
Мойын омыртқалар. Бұлардың көлемі басқа омыртқалардан кішірек болады. Пішіндері де бір-біріне ұқсас майда болады. Олардың көлденең өсінділері көлденең қабыртқалық өсінді деп аталады. Омыртқа артериясы өтетін көлденең тесігі ,VІ мойын омыртқаның қабырғалық өсіндісінің алдыңғы жағында ұйқы төмпешігі бар.
1-ші мойын омыртқа -ауыз омыртқа немесе атлант деп аталады.
2-ші мойын омыртқа аксис немесе эпистрофейдіңденесі тіс тәрізді өсіндісімен бірігіп тұтасып кеткен .
7-ші мойын омыртқасының жоталық өсіндісі өте ұзын болғандықтан оны шығыңқы омыртқа деп атайды.
Арқа (кеуде) омыртқалары. Бұлар мойын омыртқалардан ірі және олардың көлденең орналасқан жоталық өсінділері жақсы жетілген. Арқа (кеуде) омыртқаларының саны 12. Оларға 12 жұп қабыртқа буындасады.1-ші,11-ші,12-ші қабыртқалар қабыртқалық ойысқа бекінеді.2-10-шы омыртқаларға қабыртқалар үстіңгі және астыңғы жиектегі жартылай буын ойыстарына жалғасады.
Бел омыртқалардың саны 5-еу. Денесі өте үлкен және буын беті жазық. Көлденең өсінділері жалпақ әрі жазық болады. Бел омыртқалардың көлденең өсінділері маңдай жазықтықта ,ал буындық өсінділері жебе жазықтықта жатады
Сегізкөз омыртқалары 10-22 жаста жеке-жеке болады .25-30 жаста тұтасып сегізкөз сүйегіне айналады. Сегізкөз -үш бұрыш пішінді сүйек,оның негізі және ұшы болады. Бүйірінде жамбас сүйектерімен жалғасатын құлақ тәрізді буын беті болады.Сыртқы бетінде орталық қыр 2 бүйір қырлары,2 аралық қырлары болады. Сегізкөздің жұлын ұңғылы саңылауға айналады Оның 2 жағында 2 ашасы бар.
Құйымшақ омыртқалар 4-5 омыртқалардың бірігуінен пайда болады, омыртқалардың тек денесі бар. Құйымшақ қалдық мүше.
Кеуде немесе көкірек алдыңғы жағынан төс сүйегі 12 жұп қабыртқалар ,сырт жағынан омыртқалардан құралады. Кеуденің ішкі жағы кеуде қуысы деп аталады .Онда жүрек ,өкпе, жұтқыншақ ,кеңірдек т.б. мүшелер орналасқан.
Қабыртқалар қалақ тәрізді ұзын имек сүйектер.Олар12 жұптан тұрады. Қабыртқаның ортасы денесі алды мен арты ұштары деп аталады.Артқы ұшы қабыртқа басы деп аталады, қабыртқаның мойны және буын дөңестері болады. Қабыртқаның алдыңғы ойыс бетінде қан тамырлары өтетін жүлге бар.Жеті қабыртқа ұшындағы шеміршек арқылы төс сүйегіне тікелей бірігеді,бұлар нағыз қабыртқалар. 8,9,10-шы қабыртқалар жалған қабыртқалар төспен тікелей жалғаспай шеміршекпен ғана бірігеді .11-12-ші қабыртқалар бос, жетім қабыртқалар.
Төс сүйек –бұл қанжар тәрізді сүйек, 3 бөліктен тұрады: төс тұтқасы., төс денесі және семсер тәрізді өсінді.Алқаның екі жағындағы буын ойығына бұғана жалғасады. Осы жерде мойындырық ойысы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет