1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Ұлпа туралы түсінік, қызметі



бет3/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
2.Ұлпа туралы түсінік, қызметі.
Адам ағзасының ұлпадан тұратынын білеміз, ал жасушалар ұлпа түзеді. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы ұлпа деп аталады. Адам ағзасының ұлпаларын негізінен 4 топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.
Эпителий ұлпасы дене жамылғысын, бездерді түзіп, ішкі мүшелерлегі қуысты астарлап жатады. Эпителий ұлпасы қорғаныш және ағза мен сыртқы орта аралырында зат алмасу қызметін атқарады. Эпителий ұлпасында жасушалар бір-бірімен тығыз жанасатындықтан, жасушааралықтың заттар өте аз. Осылай орналасуынан эпителий ұлпасының астыңғы жасушалары сыртқы ортаның әсерінен тіршілігін жойып отырады. Бірақ, оның жасушаларының жылдам көбеюіне байланысты тіршілігін жойған жасушалардың орнына жаңа жасуша эпителий ұлпасын түзеді. Тырнақ және шаш та эпителий ұлпасына жатады.
Дәнекер ұлпаларына сүйек, шеміршек ұлпалары, май, сіңір, буынаралық байланыстар жатады. Сүйек, шеміршек ұлпалары тірек қызметін атқарады. Шеміршек нағыз талшықтардан тұратындықтан, сүйек ұлпасы мен омыртқаға мықтылық қасиет береді.
Сүйек ұлпасы әр түрлі тұздар мен органикалық заттардан құралған дәнекер ұлпа.
Талшықты дәнекер ұлпасы барлық мүшелерде кездеседі. Май ұлпасында май өте көп. Қан мен лимфа ұлпалары қоректену және қимыл қызметтерін атқарады, Бұл ұлпалар - сұйық, олардың ішінде жасушалар еркін жүреді. Жасушалар мен ұлпалар мүшелерге әр түрлі заттарды және оттегін жеткізіп, мүшелердің арасын өзара байланыстырады.
Бұлшықет ұлпасы талшықтарынан тұрады. Бұған ұлпаның үш тобы жатады: көлденең салалы, бірыңғай салалы және жүрек бұлшық еті.
Көлденең қаңқа бұлшық ет теріне, тіл, көз, қолқа, өңештің жоғарғы бөлігінің көмей еттері жатады. Адам ағзасының ішкі мүшелерінің (қарын, қуык, ішек және қантамырлары) қабырғалары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан құралады. Жүрек бұлшықет бір-бірімен тығыз орналасқан ерекше талшықтардан тұрады. Осының әсерінен жүректің қалың бұлшықеті тез жиырылады.
Ми мен жұлын орталық жүйке жүйесін, ал жұлын тармақтары шеткі жүйке жүйесін түзеді. Кез келген мүше мен жүйке жүйесінің арасындағы байланыстың қандай да бола бұзылуы сол мүшенің қызмет әрекетіне әсерін тигізеді. Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің бір – бірімен үйлесімді қызмет етуін басқарады. Басқаны былай қойғанда, ағза мен оның айналасындағы үздіксіз тұрақты байланыс жүйке жүйесінің қызметі арқылы жүзеге асады. Мұндай байланыстар сезім мүшелері, мысалы, тері, көз және есту мүшелері арқылы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет