1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Аралық мидың құрылысы, қызметі



бет62/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Аралық мидың құрылысы, қызметі.


Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне грекше: enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жұлыннан жəне сопақша мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) - орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру қызметтерін атқарады. Гипоталамус — аралық мидың көру жолы, сүр төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус - үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған.



  1. Соңғы мидың құрылысы, қызметі.


Мишық (cerebellum) - көпір мен сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Ми сауытының артқы ойысын толтырып жатады. Салмағы ересек адамда 120-150г. Жоғарғы жағынан ми сыңарларының шүйде бөлігі жауып тұрады. Мишық екі жарты шардан және оларды байланыстырып жатқан құртша бөлігінен түзілген. Мишықтың сыртқы жағында сұр заты жатса, ішкі жағында ақ заты орналасқан. Сыртқы сұр затының бетімен көптеген көлденең сайлар мен қатпарлар өтеді. Мишықтың төменгі жақ кішкене бөлімшесіғ адамның тепе-теңдік сақтау аппаратымен тікелей байланыста.
Сондықтан оны тепе-теңдік орталығы деп атайды.
Мишықтан үш жұп сабақша шығып, оны айнала жатқан ми бөліктерімен байланыстырып тұрады.Мишықтың негізі қызметі дененің қимыл -әрекетін рефлекторлы жолмен реттеп, бұлшық еттердің тонусын, жиырылу күшін басқарып, тепе-теңдік жағдайды сақтап, өткізгіштік қызметін атқарады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет