1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Артқы мидың бөлімдері, қызметі



бет61/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Артқы мидың бөлімдері, қызметі.


Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.


  1. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.


  1. Ортаңғы мидың қызметі, құрылысы.


Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).
Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрамына төрт төмпешік,қара зат,қызыл ядро III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді.Төрт төмпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке (III жұп)ядролары ортаң,ы мидың сырт жағында,ал ішкі жағында қара зат,қызыл ядро және IV жұп шығыршықтың жүйке нейрондары орналасқан.Көз алмасын қозғайтын III жұп аралас жүйке тармақтары арасында көздің қиғаш еттерінен басқа еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке талшықтары бар.Төрт төмпешік алдыңғысы көру қабылдағышыштарының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық.Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді(мысалы көздің,бастың,дененің жарық түскен жаққа бұрылуы). Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан.Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық.МысалыМиды қызыл ядродан төменірек жерден кессе,мысықта децеребрациялық мелшию (құрысу) белгілері пайда болады:мысықтың басы қақшиып шалқаяды,жотасы созылып,тікірие сіресіп қатаяды,құйрығы тік көтеріледі.
Қара зат.Нейрондарынан қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрінеді.Мұның қызметтің маңызы осы күнге дейін анықталмаған.Дегенмен оның қыртыс және қыртыс астындағы түпкі ядролар торлы құрылыммен бірге қаңқа әсіресе саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын қамтамасыз ететін еттердің тонусын реттейтіні анықталды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет