Ү жұп, үштік жүйке ( тройничный нерв, n. trigeminus), аралас жүйке ядросы көпірде орналасқан. Самай сүйегінің перамидасының алдыңғы бетінде үштік жүйкенін түйіні пайда болады. Үштік жүйке осы жерде үш тармаққа: 1.көз жүйкесі, 2. Жоғарғы жақ жүйкесі, 3. Төменгі жақ жүйкесіне бөлінеді. Көз жүйкесі ми сауытынан көз шарасына жоғарғы көз саңылауы арқылы өтеді. Үш тармақталып көзді, көз- жас безін сына тәрізді сүйектің ауа қуысының шырышты қабатын, мұрын қуысының шырышты қабатын, мандай мен мұрын терісін қамтамасыз етеді. Жоғарғы жақ жүйкесі ми сауытынан сына сүйектін домалық терісі арқылы қанат- таңдай шұқырына шығады, одан төменгі көз шарсының шұңқыры арқылы көз шарасына өтеді. Ол жоғарғы жақтың терісін , бұлшық еттерін, жоғарғы тістері, мұрын қуысының кілегей қабығын жүйкелендіреді.Төменгі жақ жүйкесі ми сауытынан сына сүйектің үлкен қанатындағы сопақша тесіктен шығады.Бұл аралас жүйке, оның қимылдық тармағы шайнау бұлшық етін, дабыл жарғағын, жұмсақ таңдайлы самай бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.Сезгіш тармақтары ұрттың шырышты қабатын, тілдің үстін, шекенің терісін, құлақ қалқанын, есіту тесігін, есіту түтігін жүйкелендіреді.
Аралас бас-ми жүйкелері.
VII жұп, беттік жүйке ( лицевой нерв, n facialis) аралас ядросы көпірде орналасқан. Ми негізінен көпір мен сопақша мидың ортасының арасынан шығады. Ішкі есіту тесігі арқылы төменге қарай бағытталып самай сүйегінің без- емізік тесігінен сыртқа шығады. Құлақ маңы безін тесңп өтіп үйректің табанына ұқсап тармақталады. Беттің барлық ымдау бұлшық еттерңн мойын бұлшық еттерңн жүйкемен қамтамасыз етеді. VIII жұп, есіту тепе-теңдік жүйкесі( преддверно- улитковый нев, n vestibule cochlearis) екі тармақтан тұрады.1. кіреберіс 2. Ұлу. Екі жүйке де құлақтан басталады. Кіреберіс жүйкесі ішкі құлақтың кіреберісі мен жарты айналымды түтіктерінен басталады. Ұлу тармағы тітіркеністі ұлудан алады. Екі жүйке бірігіп ішкі құлақ тесігімен самай сүйегінің пирамидасы арқылы ми сауытына кіреді. Ми діңгегіндегі IV қарыншаның түбіндегі ромбы шұңқырына барады. Кіреберіс –ұлу жүйкесінің қыртыс орталығы бас мидың самай бөлігінде орналасқан . IX жұп, тіл жұтқыншақ жүйкесі (языколоточный нерв, n glossopharyngeus) - аралас жүйке оның қимыл ядросы IV қарыншаның ромбы тәріздес шұңқыранда орналасқан ми сауытынан самай сүйегінің мойынтұрақ тесігі арқылы шығады. Екі тармаққа тармақталады. Сезгіш тармағы- дабыл жарғағын, есту қуысын есту түтігін таңдай миндалиналарын, тілдің 1/3 бөлігін, жұтқыншақтың шырышты қабатын жүйкемен қамтамасыз етеді. Х жұп, кезеген жүке(блуждающий нерв, n.vagus ) - аралас ядросы тіл- жұтқыншақ жүйкесінің ядросымен бірігіп мойынтұрық тесігінің айналасында орналасқан, сезімтал ядролардан басталады. Сопақша мидың оливасының артынан өтіп, ми сауытынан самай сүйегінің мойын түрық тесігі арқылы шығады. Кезеген жүйке басқа мойынға, кеуде іш қуысындағы мүшелерге тармақтар шығарған. ХІ жұп, қосымша жүйке (бобавочный нерв, n.accessorius), қимылдық, ядросы сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың оливасының артынан өтіп ми сауытынан самай сүйегінің мойын тұрық тесігі арқылы шығады. Ми сауытынан шыққан тұсында екіге тармақталады. Ішкі тармағы кезеген жүйкемен қосылады. Сыртқы тармағы трапеция сияқты төс-бұғана - емізік бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. ХII жұп, тіл-асты жүйкесі ( подьязычный нерв,n.hypoglossus), қимылдық жүйке, ядросы сопақша мидың ромбы тәріздес шұңқырында орналасқан сопақша мидан пирамидамен оливаның арасымен өтіп, ми сауытының тіл асты тесігі арқылы шығады. Жүйкенің бір тармағы тілдің бұлшық еттерін, ал екінші тармағы тіл асты сүйегінен төмендегі бұлшық еттерді жүйкемен қамтамасыз етеді.