1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



бет11/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

БАС ҚАҢҚАСЫ
Бассүйек, сrапіит, тек бір бөлігімен ғана тірек-қимыл аппаратына жатады. Ол ең алдымен ми және онымен байланысты сезім мүшелері жайғасатын орын қызметін атқарады; сонымен қатар ол сыртқа ашылатын асқорыту және тынысалу жолдарының бастапкы бөлігін қоршап тұрады. Осыған қарай барлық омыртқалыларда бассүйек екі бѳлікке бѳлінеді: ми сауыты, пеиrосrапіит. және висцералды сауыт, сranium ѵіsсегаlе. Ми сауытында күмбезін, саlvаrіа, және негізін, basis, ажыратады. Адамның ми сауытының құрамына мыналар кіреді: тақ шүйде, жүп шеке, сынатәрізді, маңдай және торлы сүйектер, жүп самай сүйектері. Висцералды сауыттың құрамына мыналар кіреді: жүп жоғарғы жақсүйек, төменгі мұрын қалқаны, бет, мұрын, көзжасы сүйектері және төменгі жақсүйек, тіласты сүйектері.
Бас сүйектің дамуы
Бассүйек бастың қаңқасы ретінде өзінің дамуында жоғарыда аталған жануар және өсімдік тіршілігінің ағзаларымен байланысты. Ми сауыты, ми және сезім мүшелерімен байланыста дамиды. Миы жоқ жануарлардың ми сауыты да болмайды. Бастама күйдегі хордалыларда (ланцетик) миды дәнекер тінді қабықша (жарғақты сауыт) қоршап тұрады. Балықтарда мидың дамуымен оның айналасында қорғаныш қорап түзіледі, ол шеміршекті балықтарда (акулатәрізділерде) шеміршек тінінен (шеміршекті қорап), ал сүйекті балықтарда сүйек тінінен тұрады (сүйекті бассүйектің түзіле бастауы).
Жануарлардың судан құрылыққа тіршілік етуге (қосмекенділер) көшуіне байланысты шеміршек тіні құрылықта тіршілік ету жағдайларында қорғаныш, тірек және қозғалыс үшін қажет сүйек тінімен одан әрі ауыстырылады.
Омыртқалылардың басқа кластарында шеміршек тіні түгелге жуық сүйек тінімен ауыстырылып, беріктігімен ерекшеленетін сүйекті бассүйек қалыптасады. Оның жекелеген сүйектерінің дамуы, мысалы; Веке сүйектің құрылысының біршама қарапайымдылығы және бассүйектің барлық қызметтеріне қатысып, есту, тепе-теңдік (гравитация) ағзалары жайғасатын орын болып табылатын самай сүйегінің құрылыстарының күрделі болуы осымен түсіндіріледі. Құрлықта тіршілік ететін жануарларда сүйек саны азайып, бірақ олардың құрылысы күрделенеді, өйткені бірқатар сүйектер бұрынғы дербес сүйекті түзілістердің бітісіп-өсу өнімі болып табылады.
Адам бассүйегі онтогенезде үш даму сатысынан өтеді: 1) дәнекер тінді, 2) шеміршекті және 3) сүйекті. Екінші сатының үшіншіге ауысуы, яғни шеміршек негізінде екінші сүйектердің қалыптасуы адамның бүкіл өмірі бойы жүреді. Бассүйектің күмбезі (тек миды қорғау қызметін атқаратын) шеміршек сатысына соқпасан жарғақты бассүйектен дамиды. Бұл жерде де дәнекер тінінің сүйек тініне ауысуы адамда бүкіл өмір бойы жүреді. Сүйектенбеген дәнекер тінінің қалдықтары жаңа туған нәрестеде еңбек және балалар мен ересектерде жік түрінде бассүйек сүйектері арасында сақталады. 
Адам бассүйегінің сүйектерін дамуы жағынан 3
топка бѳлуге болады:
1.Ми қапшығын түзетін сүйектер:
а) дәнекер тін негізінде дамитындар - күмбез сүйектері: шеке сүйектері, маңдай, шүйде қабыршағының жоғарғы бөлігі, самай сүйегінің қабыршағы мен дабылдық бөлігі;
ә) шеміршек негізінде дамитындар - бассүйек негізі сүйектері: сынатәрізді (қанаттәрізді өсіндінің медиалды табақшасынан басқалары), шүйде сүйектің негіздік және латералды бөліктері, самай сүйектің қабыршағының төменгі және тасты бөліктері.
2.Мұрын қапшығымен байланыста дамитын сүйектер:
а) дәнекер тін негізінде көзжас, мұрын, желбезек;
ә) шеміршек негізінде тор сүйек және төменгі мұрын қалқаны.
3.Желбезек доғаларынан дамитын сүйектер:
а) қозғалмайтын жоғарғы жақсүйек, таңдай сүйек, бетсүйек;
ә) қозғалмалы төменгі жақсүйек, тіласты сүйегі және есту сүйекшелері
Ми қапшығынан дамыған сүйектер ми сауытын құрайды, ал басқа екі бөлімнің торлы сүйектен басқалары бет сүйектерін түзеді. Мидың күшті дамуына байланысты басқа бөліктерінен жоғары орналаскан бассүйек күмбезі адамда өте дөңес және дөңгелектенген. Осы белгісімен адам бассүйегі тек қарапайым сүтқоректілердің ғана емес, адамтәрізді маймылдардың бассүйектерінен де тым ерекшеленеді, бассүйек қуысының сиымдылығы оның көрнекті дәлелі бола алады. Адам бассүйегінің келемі шамамен 1500 см3 ғана жетеді.
Бассүйектің жасқа байланысты жыныстық ерекшеліктері
Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде ми сауыты сүйектеріне қарағанда бет сүйектері біршама кішілеу келеді. Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшелігі - еңбектері, fonticuli, болады. Олардың бассүйегінде әлі аяқталмаған сүйектенудің үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері, бірінші жарғақты, сатының қалдықтары болып табылады; олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары сақталған, жіктердің қиылысқан жеріндс орналасады. Олардың болуының үлкен функционалдық маңызы бар, себебі бассүйектің шеке сүйектеріне едәуір ығысып жылжуға мүмкіндік береді де, соның арқасында бассүйек толғақ кезінде туу жолының пішіні мен шамасына бейімделеді. Еңбектердің мынадай түрлерін ажыратады: 
1) алдыңғы еңбек, fonticulis anterior, ромб пішінді, орта сызық бойымен төрт жіктің: сагитталды, маңдай және тәжді жіктің екі жартысының қиылысқан жерінде жатады; 2 жаста өсіп-бітеді.
2) артқы еңбек, fonticulus posterior, үшбұрыш пішінді, сагитталды жіктің артқы үшында алдындағы екі шеке сүйегі мен шүйде сүйектің қабыршағы арасында жатады; туғаннан кейін 2 айда ѳсіп-бітіп кетеді;
3) бүйір еңбектері, жүп, әр жағынан екеуден, сонымен бірге алдыңғысы сынатәрізді, fonticulus sphenoidalis, ал артқысы-емізіктәрізді, fonticulus mastoideus, деп аталады. Сынатәрізді еңбек шеке сүйек, маңдай сүйегі, angulus sphenoidalis, сынатәрізді сүйектің үлкен канаты және самай сүйегінің қабыршағының түйісетін жерінде орналасқан; туғаннан кейін 2-3 айлығында бітіп кетеді. Емізік тәрізді еңбек шеке сүйегінің angulus mastoideus, самай сүйегі пирамидасының негізі және шүйде сүйектің қабыршағы арасында орналасқан. Сынатәрізді және емізіктәрізді еңбектер көбіне шала туған (күні жетпеген) балаларда кездеседі, соның өзінде кейде жетіп туған балаларда шүйде еңбегі болмайды. Жаңа туған нәрестелерде жіктердің болмауы және диплоэнің нашар дамуы, бассүйектің сыртқы бетінде ғана емес, ішкі бетіндегі бедерінің көмескілігі байқалады.
Бассүйектің екінші шеміршектік даму сатысының қалдықтары, оның негізі сүйектерінің жекелеген әлі де қосылып кетпеген беліктері арасындағы шеміршекті қабатшалар болып табылады, сондықтан олар жаңа туған нәрестелерде ересектерге қарағанда біршама көптеу. Бассүйектерде ауалы қойнаулар әлі дамымаған. Әлі жұмыс істей қоймаған бұлшықеттердің нашар дамығандығынан түрлі бұлшықет төмпешіктері, қырлары және сызықтары байқалады. Осы себептен әрі шайнау қызметінің жоқтығынан жақсүйектер нашар дамыған: үяшықты өсінділер жоқ дерлік, төменгі жақсүйек бітісіп-өспеген екі жартыдан тұрады. Осының салдарынан бет ми сауытымен салыстырғанда онша алға қарай шығыңқы емес те, оның тек сегізден бір бөлігін ғана құрайды, ал ересек адамда бұл қатынастар 1:4.
Есейген шақта күмбез сүйектері арасындағы синдесмоздардың синостоздарға айналуынан бассүйек жіктерінің сүйектенуі байқалады. Қартайған кезде бассүйек сүйектері біршама жұқарып әрі жеңілдейді. Тістер түсіп, жақсүйектердің үяшықтық жиегінің семуі (атрофиясы) салдарынан бет қысқарып, төменгі жақсүйек алға қарай шығыңқырап, сонымен қатар оның тармақтары мен денесі арасындағы бұрыш үлкейеді. Бассүйектің бұл айтылған жасқа байланысты өзгерістері рентгендік зерттеу кезінде жақсы айқындалады, бұның диагноз қоюда үлкен маңызы бар. 
Мәселен, жаңа туған нәрестенің бассүйегі рентгенограммасында мыналар айқын көрінеді:
1) бірқатар сүйектер - маңдай, шүйде, төменгі жақсүйегі - тұтастанып бірігіп-өспеген; 
2) ауалы сүйектерде пневматизация (ауаға толу) жоқ; 3) шеке сүйектері арасы, әсіресе еңбектері аймағында, кең келеді. Алдыңғы рентгенограммада маңдай сүйегін екіге бөлетін sutura frontalis орналасқан жерде ақшылдау, сондай-ақ төменгі жақсүйектің екі жартысының толық бітісіп-қосылмағандығының ізі көрінеді. Артқы рентгенограммада os parietale мен шүйде қабыршағының төменгі бөлігі, сондай-ақ оның латералды бөліктері мен қабыршағы арасында аралықтар көрінеді. Бүйір суретте synchondrosis sphenooccipitalis-ке сәйкес келетін ақшылдану байқалып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет