1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Құрсақ қуысының бұлшық еттері, бөлімдері, атқаратын қызметтері



бет19/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
19. Құрсақ қуысының бұлшық еттері, бөлімдері, атқаратын қызметтері.
Адамның құрсақ бөлігі төменгі қабырғалар жиегінен басталып, жамбас сүйегінің мықын қырына дейін созылады. Құрсақ еттері жатқан жағдаларына қарай алдыңғы, екі бүйір және артқы құрсақ еттері болып бөлінеді. Алдыңғы құрсақ еттеріне – тік және пирамидалық еттер; бүйір еттеріне – сыртқы, ішкі қиғаш еттері мен көлденең құрсақ еті; ал артқы (бел бөлігіндегі) еттерге белдің шаршы еті жатады.
1. Құрсақтың тік еті (прямая мышца живота )-төменгі (Ү, ҮІ, ҮІІ) қабырға шеміршектері мен төстің семсер өсіндісінен басталып төмен қарай тік түсіп, шат сүйектерінің қосылысар жеріне бекиді. Бұл ет көлденең сіңірлермен 3-4 ет бөліктеріне бөлінеді де, құрсақтың қиғаш еттерінің апоневроздарынан пайда болған шандырлы қынап ішінде жатады. Бұл ет жиырылған кезде денені алға иеді, құрсақ қуысының қысымын күшейтіп, ішкі сарайлы органдардың өз орындарына қалыптасуымен бірге т.б. физиологиялық маңызды жұмыстар атқарады.
2. Пирамидалық ет (пирамидальная мышца)-қалдық еттерге жатады. Шат сүйегінен басталып орталық ақ сызыққа бекиді. Бұл төменгі сүтқоректілердің қалталы бұлшық еттерінің қалдығы болып саналады. Қызметі жағынан бұл тік етке ұқсас және құрсақтың ақ сызығын кереді.
3. Құрсақтың сыртқы қиғаш еті (наружная косая мышца живота) - төменгі қабырғалардың сырт жағынан басталып, ет талшықтары жоғарыдан төмен қарай бағыт алып, мықын сүйегінің қырына бекиді. Бұл ет алдыңғы жағынан тік еттің қынабын құрайтын жалпақ шандырға (апоневрозға) ауысады. Ол құрсақтың ортасында екінші жағындағы ет шандырымен байланысып, ақ сызықты түзуге қатысады. Шандырдың төменгі жағы қалыңдап, қабатталып, мықын сүйегінің алдыңғы – жоғарғы өсіндісінен шат дөңесіне дейін созылып жатқан шат сіңірін түзеді. Бұл ет екі жақты жиырылған кезде, көкірек клеткасын төмен тартып денені июге, ал бір жағынан жиырылғанда тұлғаны қарма-қарсы жағына бұруға көмектеседі және жалпы құрсақтың етіне тән құрсақ қысымын ұлғайтуға қатысады.
4. Құрсақтың ішкі қиғаш еті (поперечная мышца живота) – төменгі қабырғалардан, бел-арқа шандырынан, мықын сүйегінің жиегінен және шат сіңірінен басталып, алдыңғы жағында тік ет қынабы мен ақ сызық құрайтын шандырлы апоневрозға ауысады. Бұл ет құрсақтың бүйір қабырғасының үшінші қабатын жасап жатады. Қызметі: құрсақ қысымын ұлғайту, ішкі органдарды өз орындарында қалыптастырып, ішектерді босату және дем шығаруға қатысу.

5. Белдің шаршы еті (квадратная мышца поясницы)- мықын сүйегінің жиегінен басталып бел омыртқаның көлденең өсінділері мен төменгі қабырғаға бекиді. Бұл ет құрсақтың артқы қабырғасын түзеді. Мұның екі жағы бірдей жиырылса, төменгі қабырғаны төмен тартады, бір жағынан жиырылса омыртқа жотасының бел бөлімін өз жағына қарай иеді.
Құрсақ еттері әр түрлі жұмыс атқарады. Олар құрсақ қуысының қабырғасын құраумен бірге ішкі мүшелерді өз орындарында ұстап тұрады және іш қысымын ұлғайтып, зәр шығару, құсу, жөтелу, шашалу, дем алу, босану және омыртқа жотасын алға ию процестеріне де қатысады.
Кіші жамбас астауының түбіндегі аралық бұлшық еттері адамдарда өзгерген, ал жануарларда құйрық т.б. бұлшық еттері болып табылады. Ол анал тесік пен зәр шығару каналының қысқыштарын түзуге де қатысады.
Құрсақта негізінде төрт шандырлы жапқыш болады. Олар – беткей, екі меншікті және ішкі шандырлар. Беткей шандырлар құрсақтың төменгі жағында тері астында жатады. Меншікті шандырлар үш жапырақшадан түзілген. Беткей жапырақшасы құрсақтың қиғаш еттерінің аралығында орналасқан, ал терең жапырақшасы – құрсақтың ішкі қиғаш және көлденең еттерінің аралығында орналасқан. Соңғысы басқаларға қарағанда қалың келеді. Бұл шандыр құрсақтың тік етінің қынабының ішкі қабырғасын және шат каналын құрауға да қатысады.
Шат каналы (паховый канал) - құрсақтың төменгі шат бөлігінде орналасқан ұзындығы 4-5 см саңылау кеңістік. Шат сіңірінің қабатында жатады. Шат каналының төрт (төменгі, жоғарғы, ішкі, сыртқы) қабырғасы, екі (ішкі, сыртқы) тесігі болады. Оның төменгі жағы шат сіңірінен, жоғарғы жағы құрсақтың ішкі қиғаш етінен, алдыңғы жағы іштің көлденең шандырларынан тұрады. Сыртқы тесігі шат сүйегінің жоғарғы жағында орналасқан. Ол құрсақтың сыртқы қиғаш етінің шандырының ажырауынан пайда болады. Ішкі тесігі құрсақ қуысында шат сіңірінің үстінде орналасқан.
Ер адамдарда шат каналы – шәует бауы, ал әйелдерде жатырдың жұмыр сіңір байламы өтеді. Кейде осы аймақтың осалдығына байланысты шат жарығы пайда болуы да мүмкін.
Құрсақтың ет талшықтарының өзара айқасуының нәтижесінде құрсақ қабырғасының беріктігі артады. Оның кейбір жерлері, яғни шат каналының, кіндік аймағының және іштің ақ сызығының тұстары осал келеді. Себебі ет талшықтарының ыдырауы нәтижесінде жарық пайда болуы мүмкін. Сол жарықтан ішкі сарай органдары (қарын, ішек, аталық без-ұма) тері астында шығып түйнек жасайды. Бұл жағдай құрсақ еттерінің нашар дамуынан, шамадан тыс жүктерді көтеруден пайда болады. Олар «кіндік жарығы», «шат жарығы», «ұма жарығы» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет