1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Мұрын қуысының құрылысы және қызметі



бет32/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

32. Мұрын қуысының құрылысы және қызметі.
Мұрын қуысы (сavitas nasi)негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сыртқы теріменжабылып, ішкі беті кілгейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерінен түзілген. Екі жақ шеміршектері танау тесігін қалайтын танаулық шеміршектеріне жалғасып жатады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын теңекі бөлікке бөледі. Оның өзі артқы бөлігі – сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Төменгі қабырғасы қатты және жұмсақ таңдайдан түзілген. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Сонымен қатар көптеген бездері де болады. Мұрынға енген шаң-тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген кілегей микроорганизмдерді өлтіріп отырады. Көз жасы арнаулы түтік арқылы мұрын қуысына өтіп, кілегейлі қабатын ылғалдай тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі қауашақтарының бар екенін байқаймыз. Осы қауашақтар аралығында жоғарғы, ортанғы және төменгі ауа жолдары жатады. Мұрын қуысына маңдай, жоғарғы жақ, ортаңғы құлақ және сына сүйектер қуыстары да ашылады. Мұрын қуысы жоғарыда аталған қызметтеріне қарай тыныс және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлімі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады.Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы хоана тесіктерімен әуелі жұтқыншаққа, одан әрі көмекейге өтеді.
33. Көмейдің құрылысы, қызметі.
Көмекей (Larunx) тыныс жолының ғана бөлімі емес, сонымен бірге сөйлеу аппаратының бір бөлігі. Ол жоғарғы жағынан тіласты сүйекке, төменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында жатып, алдынан және екі бүйірінен бұлшық еттерменжабылған. Көмекейдің қалқан қыры тері астында білініп жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар арқылы қозғалмалы түрде қосылысқан. Құрамында бірнеше гиалин және серпінді шеміршектер бар.Оның тақ шеміршектеріне: қалқанша шеміршегі, оймақ тәрізді шеміршек және көмекей қақпақшасы, ал жұп шеміршектеріне қалақша және мүйізше шеміршектер жатады.
Қалқанша шеміршек көмекей шеміршектерінің ішіндегі ең ірісі, ол қалап қойған екі пластинка тәрізді, олардың алдыңғы шығыңқы келген жерін ерлерде көмекей қыры деп атайды. Шеміршектіңжоғарғы шеті ойыс болып келеді, ал артқы шетінен жоғарғы және төменгі мүйізшелері басталады. Жоғарғы мүйізшесі тіласты сүйекке сіңір байламдары арқылы бекіп, көлденең білік арқылы айналатын буын түзеді.
Оймақ тәрізді шеміршек сырт дөңгелектене келген жүзік тәрізді. Оның артқа қарай кеңейіп келген жеріне екі қалақша шеміршегінің төменгі мүйізшесі байланысады. Төменгі жиегі сақиналы сіңір байламы арқылы кеңірдекке жалғасады.
Қалақша шеміршек жұп, үш қырлы пирамида тәрізді шеміршек пен тік білектенайналатын буын құрайды. Оның алға қараған дыбыс өсіндісі, ал артқа қарай бағытталған ет өсіндісі болады. Осы шеміршектің дыбыс өсінділерімен қалқанша шеміршек арасында қосы дыбыс сіңірі тартылған. Ол екеуінің аралығын дыбыс саңылауы деп атайды. Дыбыс сіңірлері мен дыбыс саңылауларының жатқан жағдайына қарай дыбыс ырғағы өзгеріп отырады. Дыбыс сіңірі ерлерде жуандау келеді де, дыбыс ырғағы төмен болады.
Көмекей қақпақшасы пішіні жапырақ тәрізді, өзінің төменгі жіңішкерген жағымен қалқан шеміршегінің ойысына келіп жалғасады. Оның алдыңғы беті дөңес, артқы беті ойыс. Көмекей қақпақшасын тамақты жұтқан кезде тыныс жолын жауып, тағам түйірінің түспеуін қамтамасыз етеді. Тыныс алған кезде ашық тұрып, ауа жүруіне жағдай жасайды. Егер тағамды жұтар кезде сөйлесе, не күлсе , көмекей қақпақшасы ашық қалып, тыныс жолына тамақ түйірі түсіп кетуі кәдік. Мұндай жағдайда тыныс жолы бітеліп, адамның тұншығуы мүмкін.
Көмекей шеміршектерінің қимылға келуі буынды қосылыстармен бірге бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты. Бұлшық еттері көлденең салалы ет тінінен тұрады. Оларды қызметтеріне қарай екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тіласты сүйегінің үстіңгі және астыңғы еттері жатады. Ал көмекейдің меншікті бұлшық еттеріне, атқаратын қызметтеріне қарай тағамды жұту, тыныс алу және сөйлеу процестерінің жүруіне себепші болатын еттер жатады.
Көмекей шеміршектері өзара буын арқылы жалғасады. Осы буын арқылы өтетін қозғалыстар арқасында қимылға келіп, дыбыс сіңірін босатып, не тартып, дыбыс ырғағын өзгертеді.
Дыбыс аппараттарының еттері қызметтеріне қарай: дыбыс саңылауын, тартылатын және кеңейтетін, дыбыс сіңірлерін керетін және босататын еттер деп төрт топқа бөлінеді.
Көмекей қуысының пішіні құмсағатқа ұқсайды. Ол жоғарғы, ортаңғы және төменгі аталатын үш бөлімнен тұрады.
Жоғарғы бөлімі көмекейдің кіреберіс тесігінен басталып, дыбыс сіңіріне дейін созылады. Көмекейдің кіреберіс тесігін аузы деп атайды. Ол жұтыну кезінде қақпақшамен жабылады да, ал тыныс алғанда ашық жағдайда тұрады.
Ортаңғы бөлігі тар, онда жалған және шын дыбыс сіңірлері орналасқан. Дыбыс сіңірлері шыққан деммен тербеліп, дыбыс процесінің пайда болуына септігін тигізеді. Осы бөлімнің екі бүйір қабырғасында көмекейдің қалта тәрізді қарыншалары орналасқан. Олар адамдарда әртүрлі тереңдікте болып, дыбыс жаңғырту қызметін атқарады.
Төменгі бөлігі дыбыс саңылауынан төмен жатады. Жоғарғы жағына серпінді конуспен шектесіп, төмен қарай кеңейе келіп, кеңірдекке жалғасады.
Көмекейдің кілегей қабаты көпқатарлы кірпікше эпителиймен астарланып жатады. Онда көптеген шөлмек тәрізді және басқа бездер орналасқан. Олар әсіресе көмекей қақпақшасының тұсында көбірек кездеседі.
Дыбыс сіңірлерінің маңайы көп қабатты жазық эпителиймен қапталған. Олардың кілегей бездері болмайды. Көмекейдің жоғарғы бөлігінің кілегейлі қабатының тітіркендіргіш сезімталдығы өте жоғары. Сондықтан оған шаң-тозаң немесе тамақ түйірлері түссе, рефлекторлы түрде қорғаныш рефлексі пайда болады. Осының нәтижесінде және эпителий кірпікшелерінің толқынды қимылының арқасында тыныс ағзаларының ішіне түскен нәрсе сыртқа оңай шығарылады.
Көмекейді жоғарғы және төменгі қалқанша артериялары қоректендіреді. Кезеген жүйкеден тарамдалатын жоғарғы жүйке жоғарғы бөлігін, ортаңғы жүйке ортаңғы бөлігін, төменгі жүйке төменгі бөлігін жүйке жүйесіне жалғайды.
Жас ерекшеліктеріне қарай көмекей көп өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірімде көмекей ұзын әрі жіңішке келеді. Жеті жасқа келгенде көмекей ұлдарда қыздарға қарағанда ұзындау болады. 14-15 жастан бастап көмекей тез өседі, дыбыс сіңірі де тез ұзарады, ал кәрілерде көмекей шеміршектері сүйектеніп кетеді. Жасөспірімдердің аппаратын дамыту үшін оларға өлең, тақпақ және көркем сөздер аштырып, жаттықтыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет