1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Бауырдың құрылысы және атқаратын қызметі



бет29/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
28. Бауырдың құрылысы және атқаратын қызметі.
Бауыр (печень). Бауыр адам денесіндегі ең үлкен без. Оның салмағы 1,5 кг-ға дейін барады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында диафрагма күмбезінің астында төменгі қабырғаларға таяу жатады. Оның түсі қызғылт-қоңыр, консистенциясы жұмсақ. Бауырдың жоғарғы (диафрагмальды) және төменгі беттері, алдыңғы және артқы жиектері, оң және сол бөлімдері болады. Оның үлкен бөлігі оң жақ қабырғалар астында, аз бөлігі сол жақ құрсақ бөлігінде орналасқан. Бауырдың алдыңғы жиегі терең тыныс алғанда ғана қабырға астынан байқалады. Оның үстіңгі дөңес бетінде бауырды үлкен және кіші бөлімдерге бөліп жатқан орақ тәрізді сіңірі орналасады. Осы сіңір байламы арқылы бауыр диафрагмаға ілініп, бекіп тұрады. Жоғарғы беті дөңес, ал төменгі беті ішкі органдардың орналасуына байланысты ойыс келеді, онда алдынан артқа қарай паралеллді жатқан екі сайы бар. Оң жағындағы ұзынша сайда өт қапшығы жатса, сол жақ ұзынша сайында жұмыр сіңір орналасқан. Бауырдың артына жанаса төменгі қуысты вена өтеді. Оған бауыр веналары ашылады. Ұзынша сайлардың арасындағы көлденең сай бауырды «шаршы» және «құйрық» бөліктеріне бөледі. Осы көлденең сай тұсын «бауыр қақпасы» деп атайды. Бауыр қақпасынан бауыр артериясы мен қақпа венасы кіреді де, өт жолы мен лимфа тамырлары шығады. Бауырдан шыққан бауыр өзегі өт шығарып отырады. Бұл өзек қапшық өзегімен жалғасып, жалпы өт өзегін түзеді де, қарынасты безінің өзегімен бірігіп онекі елі ішекке ашылады. Бауырдың сір қабықшасымен үш жағынан қапталып, бірнеше сіңір байламдарымен диафрагмаға бекіп бос тұрған бөлігі жұмыр сіңірге көшеді. Жұмыр сіңір ұрықтың солып кеткен кіндік венасы болып саналады. Сонымен бірге бауыр байламдары арқылы онекі елі ішекпен байланысады да, бірігіп кіші шарбы майын түзеді.
Бауыр сырт жағынан тығыз дәнекер тканнен түзілген фиброзды капсуламен, оның сыртынан іштікпен қаптала жатады. Бауыр құрылысы атқаратын қызметі жағынан күрделі түтікше бездер қатарына жатады. Ол онекі елі ішекке өт шығарып отырумен бірге гликоген қорын жинайды. Сонымен бірге улы заттарды усыздандырып, зиянсыз заттарға айналдырады. Сондай ақ көптеген зат алмасу проесіне де қатысады. Ұрықта ол қан жасайтын мүше болып та саналады. Бауыр көп қырлы призма тәрізді (1,5мм) бөлікшелерден түзілген. Қақпа венасы бауырға енгеннен соң тарамданып капилляр түзеді. Капиллярлар арқылы веналарға, ал олар бауыр веналарына жалғасады. Бауыр клеткаларының арасынан өт капиллярлары өтіп, өт жолын түзеді. Ол оң және сол бауыр бөлімдерін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет