1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет108/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Бауырдың ішкі кұрылысы. Бауырдың сыртқы беті ішастармен мезоперитонеалді жағдайда жауып орналаскан. Ішастардын астында бауырдын фиброзды қабығы, tunica fibrosa, жақсы дамыған. Бауырдын фиброзды қабығы тек қана сыртқы бетін жауып қана қоймай, бауырдын, қантамырларымен бірге бауыр қақпасы, porta hepatis, аркылы терең кабатына карай отіп, үлестерінің, секторларының, сегментгерінің және бөлшектерінін сырткы бетін жауып орналаскан дәнекер тінді кабықшаға жалғасады. Бауырдын кантамырлары мен өт жолдарының тармақталынып орналасуына байланысты бауырдың терең қабаты: 2 болікке, боліктері 7 секторға: оң болігі 2 секторға, сол болігі 5 секторға болінеді. Одан әрі он секторы 4 сегментке, сол бөлігі 4 сегменткебөлінеді. Әрбір сегменттері одан әрі майда бөлшектерге бөлінеді (№62, 63 суреттер). Бауыр құрылысы жағынан өте күрделі, тармақталып орналасқан түтікті — ұяшықты без. Бауыр бөлшектерінің, lobulus hepatis, сырткы пішіні призматәрізді, көлемі 1 — 2,5 мм. Бауыр бөлшектерінің жалпы саны 500 млн шамасындай. Әрбір бауыр бөлшектері бірбірінен аралық қантамырлар мен өт жолдары және дәнекер тінді қабыкша арқылы шектелген. Бауыр бөлшектері сәуле бағытта бірбірімен өзара түйісіп, бағана түрінде орналаскан бауыр жасушаларының және орталығында орналаскан орталық венадан v. centralis тұрады. Бауырдың бағаналарын құраушы бауыр жасушаларының медиалді капталы орталык венаға карай бағытталынып, дисталді ұшы бауыр бөлшегінен алшақ орналаскан. Бауыр жасуш аларының перифериялық бөлігі арқылы тазаланып өткен вена каны орталық венаға, v. centralis, карай синусойдалык капилярлар арқылы бағыт алады, бұл жасушалардың медиалді қапталынан түзілген өт, өтті бойынаң өткізуші түтікшелер, ductuli biliferi, аркылы он екі елі ішеккекарай бағыт алады.

100.Ұйқы безі, дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі. Бауыр -12 ішек жалғамасының құрамы.
Үйқыбез, pancreas, асқазан артында regio epigastrica-да артқы іш қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырғаастына еніп түрады. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады. Үйқы безінің басы - caput pancreatis, ілмектәрізді өсіндісі, processus uncinatus және денесімен, corpus pancreatis, қүйрық, cauda pancreatis, деп бөлінеді. Бездің басы он екі елі ішекпен қамтылып, I бел омыртқа мен II бел омыртқаның жоғарғы бөлігі деңгейінде орналасады. Оның денемен шекарасында терең тілік, incisura pancreatis (тілікте а. және v. mesentericae superiores жатады), ал кейде мойын түрінде жіңішкерген бөлігі болады. Дене призма пішінді, үш беті бар: алдыңғы, артқы және төменгі. Алдыңғы беті, facies anterior, ойыс жөне асқазанға жанасып жатады; әдетте бастың денемен қосылатын жеріне жақын шарбылық темпе, tuber omentale, деп аталатын кіші шарбы жаққа қараған дөңес байқалады. Артқы беті, fa cies posterior, артқы іш қабырғасына қараған. Төменгі беті, facies inferior, төмен жене сел алға қарайды. Үш беті бір-бірінен үш жиек арқылы бөлінген: margo superior, anterior және inferior. Жоғарғы жиекпен, оның оң жақ бөлігінде a. hepatica communis өтеді, ал солға қарай жоғарғы жиек бойымен көкбауырға келетін көкбауыр артериясы созылып жатады. Без оңнан солға қарай біраз көтеріледі, сондықтан оның қүйрығы бастан жоғарылау орналасып, көкбауырдың төменгі бөлігіне жатады. Pancreas-тың қапшығы болмайды, сондықтан оның үлесті қүрылысы бірден көзге түседі. Бездің жалпы үзындығы 12-15 см.
Ішастар pancreas-тың алдыңғы және төменгі беттерін жауып жатады, оның артқы бетінде ішастар мүлдем болмайды. Ұйқыбез түтігі, ductus pancreaticus тік бұрышпен дерлік келіп қүятын көптеген тармақтарды қабылдайды. Ductus choledochus-пен қосылып, түтік онымен ортақ тесік арқылы papilla duodeni major-ца ашылады. Ductus pancreaticus пен duodenum арасындағы мүндай тығыз байланыс атқаратын қызметінің 407маңызымен (duodenum ішіндегі асты ұйқыбез сөлімен өңдеу) қатар, ұйқыбезі мен он екі елі ішектің бірінші ішектің бір бөлігінен дамитындығына да байланысты. Негізгі түтіктен басқа тұрақты дерлік қосалқы түтік, ductus pancreaticus accessorius, болады, ол papilla duodeni minor-да ашылады (papilla duodeni major-дан 2 см-дей жоғарылау). Кейде қосымша ұйқыбез, pancreas accessorium, байқалатын жағдайлар кездеседі. Duodenum-ді қысатын сақина пішінді pancreas та кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет