1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Мұрын қуысының шырышты қабығы tunica mucosa nasi



бет116/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Мұрын қуысының шырышты қабығы tunica mucosa nasi, кірпікшелі эпителиймен көмкерілген, терең қабатында шырышты бездермен қатар күрделі ұяшықты, шырышсірлі бездер көптеп орналасқан.. Шырышты қабық топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай: мұрын куысының жоғарғы мұрын жолының маңында орналаскан иіс сезу аймағына, regio olfactoria, және ортаңғы, төменгі мұрын жолының маңында орналаскан тыныс алу аймағына, regio respiratoria, бөлінеді. Тыныс алу аймағының шырышты қабығы кірпікті эпителиймен жабылған, сірлі және шырышты бездері бар. Төменгі мұрын қалқанының шырышты қабығы мен шырыш астылық негізі веналық қантамырларға бай, олар қалқандардың үңгірлік веналық өрімдерін түзеді. Мұрын қуысының шырышты қабығы көз және жоғарғы жақсүйек артерияларымен қанмен қамтамасыз етілсе, веналық ағым қанаттәрізді өрімге құяды. Лимфа ағымы төменгі жақсүйек пен иек лимфа түйіндеріне барады. Мұрын-кірпіктік және жоғарғы жақсүйектік нервтермен нервтенеді.
114.Мұрынмаңы қойнаулары, олардың қатынасы және маңызы.
Мұрынның қойнаулары ауаны желдетуде қосымша қызмет атқарады, олар мұрынның шырышты қабатының тікелей жалғасы болып табылады. Барлық қойнаулар жұп болып келеді және бұлар мұрын қуысынан сүйекті пластинкалар арқылы бөлініп тұрады. Ауамен қамтамасыз ететін қосалқы қойнаулар-жоғарғы жақ, маңдай, торлы және сына тәрізді сүйектердің қалың ішінде орналасқан. Ауамен қамтамасыз ететін төрт жұп қойнаулар бар: жоғарғы жақ, торлы лабиринттің жасушалары, маңдай және негізгі немесе сына тәрізді. Олар жыбырлағыш эпителилері бар жұқа сілемейлі қабықпен қапталған, сілемейлі бездері жоққа тән және тамырлармен өте аз жабдықталған. Клиникалық тұрғыдан алдыңғы қосалқы қойнаулар, яғни жоғарғы жақ, маңдай, торлы сүйектің алдыңғы және артқы жасушалары және артқы қосалқы қойнаулар, яғни негізгі және торлы сүйектің артқы жасушалары деп бөледі. Бұндай бөлудің қолайлы болу себебі алдыңғы қойнаулар зақымдалу спецификасының артқы қойнаулар зақымдалуынан әжептәуір айырмашылығы бар. Өйткені алдыңғы қосалқы қойнаулардың мұрын қуысымен қатынасуы мұрынның ортаңғы жолы, ал артқы қосалқы қойнаулар мұрынның жоғарғы жолы арқылы жүзеге асады. Сол сияқты бұның диагностикалық маңызы бар, себебі алдыңғы қойнаулармен салыстырғанда артқы қосалқы қойнау аурулары сирек кездеседі, әсіресе сына тәрізді қойнаудың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет