1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет110/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Өтқуық рентгенанатомиясы. Өтқуықты рентгенмен зерттегенде (chole-cystographia) оның көлеңкесі көрінеді. Онда мойын, дене және түбін ажыратуға болады. Түбі төмен қараған. Өт қабының контуры айқын, тегіс және жылтыр. Қаптың пішіні өтпен толу дәрежесіне қарай алмұрттәрізді, цилиндр және жұмыртқатәрізді болады. Өт қабының орналасу қалпы бауырдың орналасуына, оның тынысалу кезіндегі қимылдарына және т.б. байланысты XII арқа және V бел омыртқа деңгейлері арасында өзгеріп отырады.
Өттің өту жолдары. Бауыр жасушалары арқылы түзілген өт, үздіксіз өтті бойынан өткізуші, бастапқы өттік түтікшелер, ductuli biliferi, одан әрі үлесшеаралык түтікшелер, ductuli interlobulares, сегменттік, зоналык, бөліктік түтікшелер аркылы бауырдан шығады. Бауырдан шыкқан соң, бауырдың меншікті оң және сол өт түтіктері қосылып, жалпы бауыр түтігін, ductus hepaticus communis, одан әрі өтқуықтың түтігімен, ductus cysticus, қосылып, жалпы өт түтігін, ductus choledochus, түзіп, он екі елі ішекке карай бағыт алады, он екі елі ішектін төмендеген бөлігінін ішкі капталында, ұйқыбездің түтігімен қосылып, он екі елі ішектің үлкен бүртігінің ішінде, ampulla hepatopancreatica, құрап ашылады (№64, 65, 66 суреттерді караңыз ). Өт түтігі мен ұйқыбез түтігінің қосылған жерінде, он екі елі ішектің дөнгелек бұлшықеттік қабаты өт түтігінің кысқыш бүлшықетін, т. sphinster choledochi, құрауға қатысады.

102.Өттің түзілуі және өттің шығарылу жолдары.
Өт бауырда тәулік бойы түзіліп, ал ішекке керегіне қарай келіп тұратындықтан, өтті сақтайтын ыдыс қажет болады. Осындай ыдыс өтқуық болып табылады. Оның болуы өт жолдары құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Бауырда түзілетін өт одан жалпы бауыр түтігі, ductus hepaticus communis, арқылы шығады (226-сурет). Керек болған жағдайда ол ductus choledochus арқылы бірден он екі елі ішкке келеді. Егер ондай қажеттілік болмаса, онда ductus choledochus пен оның қысқышы жиырылған күй де болады да, өтті ішекке жібермейді, сол себепті өт ductus cysticus-ке бағытталып өтқуыққа ағады, бұл үрдісті иірімді қатпар, plica spiralis, құрылыс ерекшелігі қамтамасыз етеді. Ac асқазанға келгенде тиісті рефлекс пайда болып, өтқуықтың бұлшықетті қабырғасы жиырылып, сонымен бір мезгілде ductus choledochus пен сфинктерлердің бұлшықеттері уақытша босайды, соның нәтижесінде өт ішек қуысына түседі.

103.Ұйқыбез, құрылысы, қызметі (шығару жолдары, бездің ішкі секреторлы бөлігі) ішастарға қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет