1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Дауыс байламдарын керетін бұлшықеттер



бет124/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Дауыс байламдарын керетін бұлшықеттер:
▼1. Дауыс бұлшықеті m.vocalis жұп, аттас қатпарда орналасқан. Қалқанша шеміршектің бұрышының ішкі бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің дауыс өсіндісіне бекиді. Бұлшықет көмейдің дауыс қатпарының, plica vocalis, терең қабатында орналасқан. Ол қалқанша шеміршек бұрышыныңтөменгі бөлігінің ішкі бетінен басталып, горизонталді артқа карай өтіп, ожаутәрізді шеміршектін дауыстық өсіндінің, processus vocalis, латералді қапталына және дауыс байламына, lig. vocale бекиді. Кызметі: дауыс байламын керу.
▼2. Жүзік-қалқанша бұлшықеті m.cricothyroideus жұп, екі будадан құралған, жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып қалқанша шеміршектің төменгі жиегіне pars recta және төменгі мүйізіне pars obligua бекиді. Қызметі: жиырылған кезде калқанша шеміршекті алға қарай тартып, дауыс байламын, lig. vocalis, керіп, ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісі мен калқанша шеміршектің аралығын алшақтатады.


118.Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы.
Кеңірдек, trachea, іші куыс, ауаны өкпеге өткізіп, ұзындығы орташа есеппен 9-11 см, көлденеңі 15-18 мм-дей түтік тәрізді мүше. Ол көмейдің тікелей жалғасы, 6 мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталып, 4 кеуде омыртқаның тұсында айырылып, bifurcatio tracheae, оң және сол басты бронхтарға бөлінеді.Оң бронх солға қарағанда қысқалау және кеңдеу, ол вертикальді орналасып кеңірдектің тікелей жалғасы болып табылады. Оң бронх үстінде сыңар вена, сол бронх үстінде қолқа доғасы орналасқан.
Кеңірдектің топографиясы:
Кеңірдек топографиялық орналасуына қарай мойындық және кеуделік бөліктерге бөлінеді. Кеңірдектің мойындық бөлігінің, pars cervicalis, алдыңғы беті қалқанша безбен, glandulae thyroidea, және тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен шектелген, бүйір беті жалпы ұйқы артериямен, а. carotis communis, ішкі мойындырық венамен, vjugularis interna, және кезбе нервпен, п. vagus, арткы беті өңешпен, esophagus, шектелген. Кеңірдектің кеуделік бөлігінің, pars thoracica, алдыңғы беті қолқа доғасымен, arcus aortae, айырша безбен, thymus, арткы беті өңештің кеуделік бөлігімен, бүйір қапталы оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет