173.Артқы ми, бөлімдері, құрылысы (Варолий көпірі).Мишық, құрылысы, ядролары, аяқшалары, қызметі.
Артқы ми. Артқы мидың, metencephalon, құрамына вентралды орналасқан көпір, және дорсалды орналасқан мишық кіреді. Омыртқалылар эволюциясында көпір мен мишықтың түзілуі сүтқоректілерде күштірек дамыған статокинетикалық және есту қызметінің жетілуімен тығыз байланысты болды. Көпір мен мишықтың құрылымдық дамуы, үлкен мидың эволюциялық күрделенуімен қатар жүрді.
Көпір, pons,(Варолий көпірі) мидың төменгі бетінде орналасқан көлденең жолақтанған жалпақ құрылым. Ол алдынан үлкен ми аяқшасымен, артынан – сопақша мимен шекараласады. Көпірдің бүйір жақтарының орта тұсында, одан, үштік нерв шығады. Ол, мишықтың ортаңғы аяқшалары, pedinculus cerebellaris medius, мен көпірдің шекарасы болып табылады. Көпір мен пирамида арасында әкететін нерв, n.abducens, ал сәл артқа және латералды бет нерві, n.facialis, мен кіреберіс-ұлу нерві, п.vestibulocochlearis, шығады. Көпірдің вентралды бетінің ортасынан аттас артерия өтетін базилярлық жүлге, sulcus basilaris, өтеді. Көпірдің дорсалды беті ромбтәрізді шұңқырдың жоғарғы бөлігін түзеді.
Көпірді көлденең кесіндіде алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі, олардың шекарасы трапециятәрізді дене, corpus trpezoideum, деп аталатын көлденең орналасқан нерв талшықтары арқылы өтеді. Ол есту анализаторының талшықтарынан түзілген.
Көпірдің алдыңғы бөлігі, pars ventralis, немесе негіздік бөлігі, pars basilaris, бойлық төмендеген өткізгіш жолдардан және көлденең нерв талшықтарынан тұрады.
Бойлық талшықтар, көпірді үлкен ми қыртысымен байланыстыратын қыртыс-көпір жолынан, tr.corticopontinus, және ортаңғы жазықтыққа жақын шоғырлана орналасқан пирамидалық жол, tr.pyramidalis, талшықтарынан түзілген.
Tractus pyramidalis:
Tr.corticanuclearis
Tr.corticospinalis
Соңғысы үлкен ми қыртысынан қарсы жақтың бассүйектік нервтеріне баратын қыртыс-ядролық жолға, tractus corticonuclearis, жұлынның өз және қарсы жағының қозғалтқыш ядроларына баратын қыртыс-жұлындық алдыңғы және латералды жолдарға, tr.corticospinales anterior (ventraleis) et lateralis, бөлінеді.