V жұп- үштік нервтің n.trigeminus, төрт ядросы бар, олардың үшеуі- сезімтал, біреуі- қозғалтқыш. Сезімтал ядролары:
Үшкіл нервтің көпірлік ядросы, nucleus pontinus nervi trigeminalis, көпірдің артқы бөлігінде орналасқан;
Үштік нервтің ортанғы милық ядросы, nucleus mesencephalicus nervus trigeminalis, ромбтәрізді шұңқырдан ортанғы миға жалғасып, суқұбырдың жанында орналасады;
Үшкіл нервтің жұлындық ядросы, nucleus spinalis nervi trigeminalis, көпірден басталып, сопақша ми арқылы өтеді де жұлынның жоғарғы сегменттерінде аяқталады;
Үшкіл нервтің қозғалтқыш ядросы, nucleus motorius nervi trigeminalis, көпірдің жоғарғы болігінде жатады.
VI жұп, әкететін невтің, n. abducens, nucleus nervi abducentis, деп аталатын қозғалтқыш ядросы беттік төбешіктің тереңінде орналасады.
VII жұп, бет нервінің, n. facialis, 3: сезімтал, парасимпатмикалық, қозғалтқыш ядролары бар.
Сезімтал ядросы- nucleus solitarius : жеке ядро, nucleus solitarius, VII, IX, X жұп нервтерге ортақ болып, көпірде және сопақша мида орналасады. Бұл ядрода дәм сезімін өткізетін аксондар аяқталады .
Парасимпатикалық ядросы: жоғарғы сілекей бөлетін ядро, nucleus salivatorius superior, деп аталады .
Қозғалтқыш ядросы: бет нервінің ядросы, nucleus nervi facialis, көпірдің formatio reticularis partis dorsalis-інде орналасады. Бұл ядродан шығатын нерв талшықтары жоғары жүріп VI жұп нертің ядросын айналып өтіп, беттік төбешікті, colliculus facialis, түзеді.
VIII жұп, кіреберіс – ұлу нервінің, n. vestibulo-cochlearis, 6 ядросы бар : 2 ұлулық, 4 кіреберістік - барлығы 6 сезімтал ядросы бар. Олар ромбтәрізді шұңқырдың кіреберістік алаңында орналасқан.
|