Мидын қатты, dura mater encephali, тығыз байланыскан дәнекер тінді қүрылым. Мидың қатты қабығы екі жапырақшалардан түрады: lamina externa etinterna деп аталатын ішкі және сырткы табақшалардан құралады. Сыртқа жапыракша, lamina externa, қантамырлармен байытылған, беткейі кедір-бұдырлы болып келеді. Ол бассүйегінің ішкі сүйеккабы ретінде, бассүйегіне жабысып, нервтердің сыртқы қынабын түзеді. Бассүйегінін негізінде қатты қабык сүйектермен тығыз бекінген, ал бассүйек күмбезінде әлсіз байланысқан.
Ішкі жапырақша, lamina interna, жылтыр, тегіс эндотелимен жабылған. Мидың қатты қабығы мидың бөлімдері арасында орналасып, оларды ажырататын өсінділер түзеді. Өсінділердің біріккен сызығы бойында призма не үшбүрыш формалы кеңістік мидьн катты қабығының қойнауы қалыптасады. Бұл қойнауда коллектор түрінде, мидан, көзден, мидың қатты қабығынан және бассүйек сүйектерімен веналык қанды мойындырык венаға жинайды. Бұл кеңістік-қойнау тығыз байланысқан қабырғалардан түрады, кақпашалары жоқ. Қойнаулар қатарындағы кеңістікке эмиссарлы веналар ашылады, соның нәтижесінде бассүйегіндегі қойнаулар өзектер арқылы бастың басқа веналарымен байланысады.
Мидың катты қабығы үшкіл және кезбе нервтің менингеалді тармактарымен, симметриялық нервтермен, көз нерві, жоғарғы және төменгі жақсүйекнервтері, кезбе нерв, тіл-жұтқыншак, тілүсті, косымша нервтермен нервтендіріледі. Мидың қатты қабығы қанайналым жоғары жақсүйек артериясы; артқы артериясы; шүйделік артериядан; көз артериясымен қанмен қамтамасыз етеді. Веналық қан ми кабығы жарты орналаскан қойнауларда жинақталады.
Мидың қатты қабығының келесідей өсінділері ажыратылады:
Ортаңғы мидың орағы, falx cerebri, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагиталді бағытта орналасады. Торлы сүйектен басталып, үлкен мидың орағы күмбезі орталык сызығы бойымен жоғарғы сагиталді койнаудың жалғасының жиектеріне, sulcus sinus sagittalis superioris, бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен ми шатырының жоғарғы бетімен үласады.