1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Арқаның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары



бет54/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   202
51.Арқаның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары
Арқа бұлшықеттері musculidorsiжоғарғы желкенің сыртқы бұдыры мен төменде мықын сүйегінің қырқасы мен бүйір қапталы қолтықтың артқы сызығының арасында орналасқан.
Арқа бұлшықеттерінің орналасуы мен пішіні бойынша жіктелуі

  1. Беткей бұлшықеттер

  2. Терең бұлшықеттер

Арқаның беткей бұлшықеттері-қол сүйектеріне бекитін бұлшықеттер.Бұл топқа жататын бұлшықеттер екі қабат болып орналасады. Бірінші қабатына жататын: musculus trapezius ж/е musculus latissimus dorsі, ал екінші қабатына — musculus levator scapulae, musculus rhomboideus major ж/е musculus rhomboideus minor жатады.

  • Трапеция тәрізді бұлшықет - musculus trapezius. Бұлшықет linea nuchae superior - дан, protuberantia occipitalis externa, ligamentum nuchae, VII мойын және барлық кеуде омыртқалардың қылқанды өсінділерінен және ligamentum supraspinale басталып, еxtеmіtаѕ acromialis claviculae, acromion, spinae scapulae бекиді. Қызметі- жауырынды көтереді, ал екі жақты жиырылған кезде бас пен мойынды шалқайтады.

  • Арқаның аса жалпақ бұлшықеті - musculus latissimus dorsi. Ол арканың төменгі бөлігінде орналасқан. Бұшықеттің талшықтары төменгі 4 - 5 кеуде омыртқаның және бүкiл бел омыртқаның кылқанды өсінділерінен , crista sacralis mediana , tabium externum cristae iliacae тісшеленіп , төменгі 3 - 4 қабырғалардан басталып , жалпақ сіңірімен crista tuberculi minoris-қа бекінеді. Қызметі- қолды төмен қарай түсіріп , төмен түсірген қолды артқа тартып және ішке карай бұрады. Қолды мықтап ұстаған жағдайда , терең дем алуға қатысады.

  • Ромб тәрізді үлкен және кіші бұлшықетmasculus rhomboideus major et minor трапеция тәрізді бұлшықеттің астында орналасқан . Musculus rhomboideus minor желке сызықтың төменгі бөлігінен , VII мойын омыртқаның және І кеуде омыртқаның кылқанды өсінділерінен басталып, оның будалары бір - біріне параллель төмен және латералды бағытталып, жауырынның медиалды жиегіне бекінеді.Musculus rhomboideus major жоғарғы төрт кеуде омыртқаның қылқанды өсіндісінен басталып, жауырынның медиалды жиегіне бекінеді. Қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай тартып, жоғары қарай көтереді .

  • Жауырынды көтеруші бұлшықет musculus levator scapulae трапеция тәрізді және төс бұғана - емізік бұлшықеттің астында орналасқан. Қызметі- жауырынды көтеру мен қатар омыртқа бағанасына жақындатады. Жауырынды мықтап ұстаған жағдайда, омыртқаларды жиырылған жағына қарай тартады. Қабырғаларға бекитін бұлшықеттер арқаның беткей бұлшықеттерінің үшінші қабатын құрайды.

  • Арқаның артқы тісшеленген жоғарғы бұлшықеті - musculus serratus posterior superior ромб тәрізді бұлшықеттің астында орналасқан және төрт тісімен ІІ - V қабырғалар бұрышының латералды бұрышына бекінеді. Қызметі- қабырғаларды көтереді.

  • Арқаның артқы тісшеленген төменгі бұлшықеті musculus serratus posterior inferiorарқаның аса жалпақ бұлшықетінің musculus latissimus dorsі астында орналасқан.Бұлшықет жоғарғы екінші бел омыртқалардың қылқанды өсіндісінен басталып, жоғары және латералды бағытта өтіп, төрт тісшесімен IX - XII қабырғаға беінеді. Ал қызметі- қабырғаларды түсіреді.

  • Желкенің көлденең бұлшықеті m. transversusnuchaeкөлденең бағытта орналасып, шүйде сүйегінің сыртқы бұдырынан protuberantiaoccipitalisexternaбасталып, көлденең және латеральды бағытта өтіп, самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісі processusmastoideusмен төс – бұғана- емізік бұлшықетінің фасциялық қабықшасына барып бекиді. Қызметі- бастың, шүйде бөлігінің фасциялық қабықшасын және терісін тартып, керу қызметін атқару.

  • Бастың белдік тәрізді бұлшықеті m.splenius capitis желке байламынан lig.nuchae және VII мойын омыртқасының жоғарғы 3-4 кеуде омыртқалардың аралық өсінділерінен басталып, жоғарғы жүйкелік сызықшасының lineae nuchae superior бүйір қапталы мен еміздік тәрізді өсіндінің артқы қапталына бекиді.

  • Мойынның белдік тәрізді бұлшықеті m.splenus cervicis 3-5 кеуде омыртқаларының арқа өсінділерінен басталып, 2-3 мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің артқы төмпешігіне барып бекиді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет