1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет55/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202
Арқаның фасциясы.

  1. Кеуде бел фасциясы fascia thoracolumbalis- топографиялық орналасуына қарай беткей және тереңде орналасқан табақшасына бөлінеді:

  1. Бел бұлшықетінің беткей фасциялық қабықшасы lamina superficialis fascia thoracolumbalis – төменде мықын сүйегінің қырқасы мен жоғарыда жауырын сүйегінің бұрышымен, медиальды қапталы кеуде, бел омыртқалардың арқа өсінділерімен шектелген.

  2. Кеуде бел фасциялық қабықшаның терең фасциялық табақшасы lamina profunda fascia thoracolumbalis омыртқалардың көлденең өсінділер мен 12- қабырғалардың аралығында бойлай орналасқан.

Арқаның терең бұлшықеттері, осал жерлері.
Ұзын бұлшықеттер- бастың қайыс бұлшықеті және мойынның кайыс бұлшықеті musculus splenius capitis et таѕсulus splenus cerviсis олар musculus trapezius,musculus rhomboidei et musculus serratus posterior superior бұлшықеттерінің астында орналасқан. Қызметі- бастың қайыс бұлшықеті біржақты жиырылғанда жиырылған жаққа бастың бұрылуы, екі жақты жиырылғанда бас артқа шалқаяды. Мойынның қайыс бұлшықетінде қызметі дәл осындай.

  • Омыртқа бағанын тік ұстаушы бұлшықет - musculus erector spinae.crista iliaca-дан басталып кеуденің ІІ-VІІІ омыртқаларына дейін жалғасады және үш топ бұлшықеттерге бөлінеді.

1.мықын-қабырғалық бұлшықет – musculus iliocostalis 3бөлімнен тұрады: бел, кеуде және мойын musculus iliocostalis lumborum, the racist et cervicis.
2.аса ұзын бұлшықет – musculus longissimus ол кеуде,мойын және бас бөлімдері бар (musculus longissimus the racist, cervicis et capitis)
3.арқа бұлшықеті - musculus spinalis бұл бұлшықеттіңде кеуде,бас, мойын бөлімдері бар.
Ал бұл бұлшықеттің қызметтері: омыртқаны жазуды қамтамасыз етеді. Musculus iliocostalis lumborum қабырғаларды түсіреді. Ал musculus longissimus capitis екі жақты жиырылғанда бас шалқайады.ал біржақты жиырылғанда басты бұрып жиырылған жаққа басты айналдырады.

  • Көлденең қылқанды бұлшықет musculus transversospinalis. Бұл бұлшықет омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, жоғары көтеріліп қылқанды өсінділерге бекінеді. 3топқа бөлінеді:

1.жартылай қылқанды бұлшықет- musculus semispinalis бел кеуде мойын бөлімдеріне m.semispinalis thoracis, cervicis et capitis – қа бөлінеді.
2.тарамдалған бұлшықет- m.multifidi m.semispinalis-тің астында жатады.бел кеуде мойын бөлімдеріне m.multifidi lumborum, thoracis et cervicis бөлінеді.
3.айналдырма бұлшықеттері – m.rotatores lumborum, thoracis et cervicis тарамдалған бұлшықеттің астында жатады. Бұл бұлшықеттердің қызметі: Көлденең қылқанды бұлшықеттердің екі жақтық бөліктері бірдей жиырылса омыртқа бағанының жазып тік ұстайды.ал бір жақтық жиырылғанда омыртұа бағаныны айналдырады.

  • Арқа өсінді аралық бұлшықет mm. Interspinales омыртқа бағанасының бойында бойлай орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: арқа мойын m.interspinalis cеrvicis, кеуде m.interspinalis thoracis, бел m.interspinalis lumborum бұлшықеттерге бөлінеді. Қызметі- омыртқа бағанасын жазып, тік ұстау қызметін атқарады.

  • Көлденең өсінді аралық бұлшықет m.intertransversalis омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: мойын омыртқаларының көлденең өсінді аралық алдыңғы, артқы бұлшықеттеріне mm.intertransversarii anteriores et posteriors cervicis, кеуде омыртқаларының көлденең өсінді аралық бұлшықеттеріне mm.intertransversarii thoracis, бел омыртқаларының көлденең өсінді аралық латеральды, медиальды бұлшықеттері mm.intertransversarii lateralis et medialis lumborum болып ажыратылады. Қызметі- екі жаққа жиырылса, омыртқа бағанасын тік ұстап тұрса, ал бір жаққа жиырылса, омыртқа бағанасы жиырылған жағына қарай ауытқырады.

  • Көлденең- арқа өсіндісі аралық бұлшықеттері mm.transverso-spinalis 4 жұп шүйде астылық бұлшықеттерден m.subooccipitalis тұрады:

  1. Бастың үлкен артқы тік бұлшықеті

  2. Бастың артқы тік кіші бұлшықеті

  3. Бастың қиғаш жоғарғы бұлшықеті

  4. Бастың қиғаш төменгі бұлшықеті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет