1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Бұлшықеттердің жалпы анатомиясы, бұлшықеттердің пішіні, құрылысы бойынша жіктелуі



бет52/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   202
50.Бұлшықеттердің жалпы анатомиясы, бұлшықеттердің пішіні, құрылысы бойынша жіктелуі.
Бұлшықеттер тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі адам денесін қозғалысқа келтіруші ірі тұлғалы жүйе болып саналады. Бұл мүшелер адам денесін қозғалысқа келтіруші ірі мүшелер болып қоймай: ауыз қуысының, кеуденің, құрсақтың, жамбас қуысының қабырғаларын және ішкі мүшелердің: жұтқыншақтың, көмейдің, көздің, дабыл қуысының бұлшықеттерін құруға қатысады. Сонымен қатар, бұл мүшелердің құдіреттілігі тек қана адам денесін қозғалысқа келтіруші бірден-бір мүше болып қоймай, жұтынуда, тыныс алуда іс-әрекеті барша адамдарға белгілі.
Адамның бұлшықетгерінің жалпы саны 600дей, салмағы ересек адамда, дене салмағының 60% құраса, жаңатуған нәрестеде 40%, қартайған кезде бұлшықеттердің салмағы 25-30% кемиді. Бұлшықеттің денедегі негізгі түрлері : бас , мойын, қол , аяқ , дене(кеуде, арқа , құрсақ). Олар ары қарай өзара бөлінеді: бас шайнау және ымдау, дене орналасуына қарай беткей және терең , мойын да орналасуына қарай беткей және терең, қол мен аяқ болса сүйектерде орналасуына қарай аймақтарға бөлінеді.
Бұлшықеттердің құрылысы
1. Адам денесінің әрбір бұлшықеттері,musculus, құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты: ерікті көлденең жолақты және еріксіз бірыңғай салалы бұлшықеттерге бөлінеді. Ерікті көлденең бұлшықеттерге: қаңқа
бұлшықеттері (бас, мойын, тұлға, қол, аяқ) және жүтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың, көмекейдің бұлшықеттері жатса, еріксіз бірыңғай салалы
бұлшықеттерге: ішкі мүшелер қабырғаларының құрамындағы еттер мен қантамырлардың, без өзекшелерінің, көз алмасының нұрлы қабық пен
кірпікті дене еттері және тері құрамындағы еттер жатады. Көлденең жолақты бұлшықеттердің қозуы жедел өтсе, бірыңғай салалы бұлшықеттердің қозуы өте баяу және ұзақ қозғалады.
2. Бірыңғай салалы бұлшықет ткандарының құрамындағы миофибрилдерінің құрылысы біркелкі болса, көлденең жолақты бұлшықет миофибрилдерінің құрамы керісінше біркелкі емес. Сол себепті ерікті бұлшықеттерді, көлденең жолақты бүлшықеттер деп атайды.
3. Көлденең-жолақты бұлшықеттерді сыртқы пішініне жэне орналасуына байланысты: ұзын, қысқа, жалпақ бұлшықеттерге бөледі:

  • Қысқа бұлшықеттердің ұзындығы шамалы

болады. Мысалы: омыртқаның бұлшықеттері.

  • Жалпақ бұлшықеттердің бұлшықет талшықтары жалпақтау болып, кеуде, құрсақ, көкеттіңбойында орналасады.

  • ұзын бұлшықеттердіңжалпақтау болып келген бөлігі: қарыншасы мен екіұшы ажыратылады. Проксимальды ұшынбұлшықеттің басы, caput деп, дисталді ұшынбұлшықеттің құйрығы, cauda, деп атайды.Бұлшықеттің проксимальды ұшы мен дистальды үшының сүйекке бекитін сіңіршелері ажыратылады.

Бұлшықеттің сыртқы беті эпимизиялықдәнекер тканмен, epimysium, қапталған. Бірнеше бұлшықеттердің сыртқы беті өте тығыз келген фасциялық дәнекер тканмен, fascia, капталған. Эпимизиялық қабықша бұлшықеттердіңсіңіршелеріне қарай өтіп, сыртқы сіңіршесі,peritendineum, сіңіршелердің сыртқы бетін жауып орналасады.
Бұл, жоғарыда айтылып өткен дәнекер тканды қабықшаның негізгі қызметі: тұлғаны тікұстаужәне қорғаныш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет