1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет104/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   202
Colon ascendens, жоғарылаған жиек ішек соқыр ішектің тікелей жалғасы болып табылады, және екеуінің арасындағы шекара - жіңішке ішектің құяр жері. Ол осы жерден жоғары және сәл артқа қарай өтіп, бауырдың төменгі бетіне жетіп, осы жерде солға және алға қарай жиек ішектің оң иілімін - flexura coli dextra, түзіп, colon transversum-re ауысады. Әдетте ішастармен жабылмаған артқы бетімен colon ascendens mm. iliacus пен quadratus lumborum-ге, ал жоғарылау оң жақ бүйректің төменгі бөлігіне жанасып жатады; алдыңғы жағынан colon ascendens көбіне алдыңғы ішек қабырғасынан жіңішке ішектің ілмектерімен бөлінеді (219, 220-суреттер).
Colon transversum, көлденең жиек ішек, ішектердің ішіндегі ең ұзыны (оның ұзындығы 25-30 см, жоғарылаған ішектің ұзындығы - 12 см-ге жуық, төмендеген ішектің ұзындығы 10 см-дей), flexura coli dextra-дан көкбауырдың төменгі шетіндегі flexura coli sinistra-ға дейін созылады, ол жерде жиек ішек екінші иілім жасап, colon descendens-ке ауысады. Көлденең жиек ішек екі иілім арасында қатаң көлденең өтпейді, дөңесі томен және сәл алға қараған еңіс доға түзеді әрі оның сол жақ иілімі, flexura coli sinistra, оң жақ иілімі, flexura coli dextra-ға қарағанда жоғарылау тұрады. Көлденең жиек ішек алдынан үлкен шарбымен жабылған, үстіңгі жағынан бауыр, өтқуық, асқазан, ұйқы безінің құйрықты бөлігі және көкбауырдың төменгі шетімен жанасады; көлденең жиек ішек артқы жағынан pars descendens duodeni, pancreas-тың басын қиып өтіп, шажырқайы, mesocolon transversum, арқылы артқы іш қабырғасына және осы жерде жатқан pancreas-тың алдыңғы жиегіне бекиді. Colon transversum-тің орналасу қалпының көп өзгергіштігін атап өту керек; ол көбіне орталық сызықты кіндік деңгейінде қиып өткенімен, ортаңғы сызықты қиып өтетін жері семсертәрізді өсіндіге дейін көтерілуі немесе кіндіктен біраз томен түсуі мүмкін. Тірі адамда әдетте ішек мәйіттегі ішекке қарағанда төмендеу орналасады.
Colon descendens, төмендеген жиек ішек, flexura coli sinistra-дан томен қарай, іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қыры деңгейінде colon sigmoideum-re ауысады. Colon descendens алдыңғы жағынан әдетте жіңішке ішекпен жабылған, олар оны артқы іш қабырғасына ығыстырады, ол артқы жағынан кокетке, төмендеу - m. quadratus lumborum-ге тиіп жатады, сондай-ақ солжақ бүйректің латералды жиегімен де жанасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет