1. Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. Ақпан төңкерісі



бет22/25
Дата06.01.2022
өлшемі254,41 Kb.
#13696
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
тарих (22)

Қазақ киносы


Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті.[

28. Өнеркәсіптің дамуы.

Өнеркәсіп – Қазақстанның халық шаруашылығының жетекші саласы. Ол республикадағы қоғамдық өнімнің жартысын береді. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіп Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан өнеркәсібі көп салалы болды, сондықтан да республика халық шаруашылығын бейбіт өмірге қайта құрып, оны азаматтық өнімнің шығаруына бағыттады. Қазақстан соғыстан зардап шеккен аудандарды қайта қалпына келтірудің негізі ретінде, өңірлерге республикадан металл, шикізат ресурстары, отын, құрылыс материалдары, өндірістік тауарлар, азық-түліктер, тұқымдық мал, дәндер жеткізіліп тұрды. Ұзақ уақыт бойы майдан қажеттіліктеріне бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындары енді бейбіт өнімді шығара бастады. Технологиялық үдерістер қайта ұйымдастырылды, жабдықтар да жөнделе бастады, машиналар мен өнеркәсіп орындары күрделі жөндеуден өтті. Кәсіпорындар арасында байланыстың жаңа түрлері орнатыла бастады. Олардың көптегендері жаңадан мамандарылған немесе өзінің бұрынғы қызметін жалғастыра берді.

Ауыр индустрияның кәсіпорындары салына бастады. Жаңа алты көмір шахтасы мен Қаратон, Мұнайлы кәсіпшіліктері іске қосылып, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды. Ақтөбе ферроқорытпазауытының қуаттылығы артты, «Қаратау» кен-химия комбинаты өз жұмысын бастады. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. 1950 жылы 2,6 млрд. кВт/с  электр қуатынөндірілген, ал 1940 жылы – 0,6 млрд. кВт/с. Жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік өнеркәсібі әрі қарай дамыды. Халық тұтынатын тауарлар ассортименті көбейді, тауарлар сапасы да артты. Жеңіл өнеркәсіпке жұмсалған қаржылар соғысқа дейінгі екі бесжылдықтың қаржы мөлшерінен 20 пайызға асып кетті, ал жалпы өнім 60%-ға өсіп, соғысқа дейінгі өндірілетін азық-түрлерінің көлемінен асты. 1960-шы жылдардағы Қазақстанның өнеркәсібі 60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүргізілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытқа негізделгендіктен, өндіруші салалар ғана дамыды. Өнеркәсіптің негізгі салалары қаржы жұмсалымы, жаңа қуаттылықтардың енгізу арқасында (өндірісті қарқындандырудың арқасында емес) дамыған мен өмір сүрген, дегенмен, базалық, әсіресе республиканың шикізаттық салаларында, тоқырау үдерісі байқалмады. 1961-1965 жылдары республиканың халық шаруашылығындағы игерілген барлық қаржы жұмсалымы кеңестік өкіметтің алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым көп болды, соның арқасында мемлекет потенциалы екі есеге артты. 729 ірі өнеркәсіп кәсіпорны, 535 цех іске қосылды. 60-шы жылдардың екінші жартысында тағы 445 ірі кәсіпорын мен цех іске қосылды, жүздеген зауыт мен фабрикалар қайта жаңғырды, техникалық тұрғыдан қайта жабдықталған. Республиканың жалпы одақтық еңбек бөлісу үдерісіне сәйкес қара мен түсті металлургия, мұнай мен газ өнеркәсібі, өнеркәсіптің химия және нефтехимиялық салалары тез дамып кете бастады. Өнеркәсіптің жаңа салалары – титан, асбест, магний, глинозем, шойын, кокс, синтетикалық каучук, көтергіш кран, электр қозғалышы, сым созатын машиналар, темір соғатын машиналарды шығаратын салалар пайда болды.



29.Тың және тыңайған жерлерді игеру.

Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.

30. «Сауатсыздықты жойылсын» қоғамының құрылу мақсаты.

Сауатсыздықты жою

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.

Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.

1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:


  • халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;

  • жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;

  • қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.

Әліпбиді өзгерту

Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды.

Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады:



  • жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау;

  • өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру;

  • түркі жазуын реформалау.

1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә.Бөкейханов пен A.Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.

31.ХХ ғ. 20- шы жылдары қазақша оқулықтар жасауда үлес қосқан қазақ зиялыларын ата.



ХХ ғасырдың басында тарихи сахнаға шыққан ағартушылардың, педагогтар мен жазушылар буыны туралы ерекше атап айтқан дұрыс әрі қажет деп ойлаймыз. Олар қазақ халқының тарихи-мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған, республикада халық ағарту ісі мен жоғары педагогикалық ұлттық мектепті қалыптастыруда және оның іргетасын қалауға белсене ат салысқан, жеке басқа табыну кезінде зорлық-зомбылық пен заңсыздықтың құрбаны болған, көп жылдар бойы есімдері ескерілмей келген халқымыздың адал перзенттері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллиннің т.б. педагогикалық мұрасының бүгінгі таңда ғылыми мәні орасан зор. Олардың шығармашылық мұралары тек тәуелсіздік алғаннан кейін халқымызға қайтарылып, осы бағытта еңбектер жазылып, кітаптар жарық көре бастады. Өйткені олардың барлығы өз жолын таңдап, адамзаттың дамуына септігін тигізген өз дәуірінің өкілі ретінде қазақ үшін аса қажетті болған ұлы жандар.

32.ХХ ғасырдың 30- шы жылдарындағы қазақ мектептерінің жағдайы қандай болды?



Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.

33. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғарғы оқу орны.



Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929 жылы Алматы зооветеренарлық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты, 1931 жылы Қазақ медицина институты ашылды. Бір жылдан кейін Орал педагогикалық институты ашылды. 1932 жылы республиканың жоғары оқу орындарында 2 мың студент білім алды, оның ішінде 40,5% қазақтар. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті және Тауметаллургия институты ашылды.

34. Сталиннің қазақ зиялыларына қарсы қуғынды ұйымдастыру себебі.

Қуғын-сүргінге негізделген саяси жүйе орнаған елде дені сау адамдардың өзін-өзі өлтіруі жиі кездеседі, 1930-1950 жылдары КСРО көлемінде жетекші қайраткерлердің өзіне-өзі қол жұмсауы жиі кездескен. Қазақстанда қалыптасқан ауыр саяси жағдайдан туындаған психологиялық күйзеліс салдарынан адами құндылықтар қатары сиреп, нәтижесінде өзін-өзі өлтіру адамдар арасында жиі кездескен. Заманында ұлт азаттығы жолында халқына қалтқысыз қызмет еткен зиялыларымыз болашақ тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласты. Сондықтан да тәуелсіздік жолында күрескен ұлттық зиялыларымыздың есімдері ұлттық мүдде жолындағы белсенді қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихының қасиетті төрінен орын алуы керек. Коммунистік партияның қағаз жүзіндегі ұлт теңдігі, ұлттардың өзін-өзі билеу құқы шын мәнінде ұлтсыздандыру саясаты еді. Коммунистік идеяны уағыздап, ұлт тарихын, тілді, дәстүрді, дінді табанға басып, қорлау осы кезеңнен басталды. Сталиндік қуғын-сүргін саясаты қоғамның барлық саласын, әртүрлі әлеуметтік жіктерді, топтарды, тіпті балаларды да қамтыды. Жаппай жазалаудың құрығына оқушылар мен студенттер де ілікті. 1929 жылы 15 сәуірде БК(б)П Орталық Комитетінің хатшысы Смирновтың қолы қойылған, 12100 нөмірлі аса құпия құжаты жер-жерге таратылды. Онда, “Орта және жоғары оқу орнын тазарту” туралы айтылып, оқитындардың әлеуметтік және мүліктік жағдайын толық тексеру бұйырылады. Оқытушылар мен студенттерден “контрреволюцияшыл, троцкийшіл” мазмұндағы әдебиеттерді тартып алу науқаны 1930 жылдың ортасында күшейді

35.Индустриаландыру жылдарында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет