Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалықжағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.
36.Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті.
Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдеби сынының дамуы
1937-жылғы ойраннан кейін казақ сынының тоқырауға ұшырауы. Ұлы Отан соғысының әдеби сынның дамуына тигізген өзіндік зардаптары. Халық ақындарының шығармашылығына, социалистік реализм мәселелеріне көп назар аударылуының себептері. Елуінші жылдарда әдебиетке партиялық талаптың күшейе түсуі. КОКП ОК — нің әдебиетке қатысты арнайы қаулыларының қабылдануы. Қазақ сыншыларының қуғынға ұшырауы. Дөрекі социологизмнің дауылы тез көтерілгенімен, саябырлап басылды. Әдебиеттің сын саласына білімді жастардың, әсіресе, сынды өздерінің өнерпаздық арнасы деп таныған Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Қ.Өтепов, Р.Жаманқұлов, Ә. Қоңыратбаев, Н.Ғабдуллин сияқты сыншылардың, алғашқы қадамдарын сынай бастаған С.Ерубаев пен З.Шашкин, Х.Есенжанов сынды жазушылардың қазақ әдебиетінің әлеміне келуіне байланысты білікті, мәдениетті, эстетикалық сауатты сын өріс алып, аз жылда жетекші тенден-цияға ие болар деген үміт оты жылт етті. 20-жылдарда жемісті еңбек еткен кеп сыншылар өзінің идеялық-эстетикалық нысанасын қайта қарап, өрелі, білімді сын жолына түсті. F. Тоғжанов, X. Жүсіпбеков, Б. Кенжебаев, Ә, Мәметова тағы басқалардың қаламдары құнарлана түсті. Қайсыбіреулері сынмен қош айтысты. Әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеу ғылымы үшін бұл дәуірде аса бір қиын, күрделі кезең болды. Партияның идеология саласындағы қаулылары, космополитизмге қарсы күрес ең алдымен әдебиет пен өнерді»бұрмалаушылықтардың» бәрін сын мен ғылымнан көрді. Қазақ әдебиетінде! Ұлтшылдықты» әшкерелемей отырған да сын мен ғылым болып шықты. Сондықтан да Қазақстан орталық комитетінің» Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы»(1947) қаулысы ең алдымен қаһарын сын мен ғылымға төкті. Тарихшылар мен белгілі әдебиетшілер орнынан алынып , жұмыстан қуыла бастады. Қазақстан жазушылар одағындағы ұлтшылдық қателіктер туралы арнайы қаулылар қабылданды. Осылардың нәтижесінде қазақтың ауыз әдебиеті мен тарихының көп шығармалары ескішіл деп жарияланып, оларды оқуға тиым салынды. Батырлар мен эпос кейіпкерлері шыққан тегіне қарай жіктелді. Қобыланды, Алпамыс-байдың балалары, байды қорғаған батырлар, Төлеген-бай баласы, Қыз-Жібек-хан қызы ретінде бағаланды. Қазақтың бай эпосынан кедейдің ішінен шыққан Қамбар батыр мен Тазша бала жайлы ертегілер халықтық деп танылды. Осы саладағы асыра сілтеушілік Е.Ысмайылов пен бірге тарихшылар Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, әдебиет зерттеушілері Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов тұтқынға алынды. Жазушылар одағы жүйесіндегі» ұлтшылық қателері» үшін одақ төрағасы мен кей ақындар жазаға тартылды. Осындай жағдайда әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу саласында ғылымдық пікір күтудің өзі де қиын еді. Газет-журналдар бетіндегі мақалалар сынау мен әшкерелеу сарынына құрылды. Олар көрнекті қаламгерлер мен ұлттық мұраға қарсы қоғамдық пікір тудырды. 1953- жылы И.В: Сталин қайтыс болмағанда, Қазақстанда 1937 жылдың қайғылы оқиғалары қайталануы ғажап емес еді. Өкімет басына келген Н.С.Хрущев жеке адамға табыну кезіндегі заңсыздықтарды сынап, демократияға жол ашуға тырысты.
Бұл дәуірде туған күрделі еңбектер қатарына» Қазақ әдебиеті тарихы»(1том1948) мен «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі(Қ.Жұмалиевтің басқаруымен-1949), «Совет дәуіріндегі қазақ халық поэзиясының очеркі» (1955-Н.С.Смирнованың басқаруымен) атты ұжымдық зерттеулерді атауға болады. Одан бөлек жеке ақындар шығармашылығына қатысты бірнеше еңбектер жарық көрді. 1954 жылы Абайдың қайтыс болуының 50 жылдығы аталып өтті. Күнделікті әдеби сынға Т.Нұртазин, Қ.Жармағамбетов, С.Сейітов, С.Төлешов, т.б. белсене араласты.Соғыстан кейінгі дәуірдің әдебиеті осындай қиыншылықтарға қарамастан, барлық жанрда ізденіп кемелденуге аяқ басқан әдебиет болғаны бүгін дау тудырмайды. Қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындылары бүгінгі заман мен тарихи тақырыпты қатар жырлауда едәуір табыстарға жетті. Олар одақтық оқырмандар талғамына толып, шетелге танымал бола бастады. Бұл саладағы аға буын ақын-жазушылардың таланты мен тәжірибесі жетекшілік роль атқарды. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің әлемдік даңқын көтерген жаңа әдебиетті жасаудың қадамы болатын.
37.Соғыстан кейін мәдениеттің дамуы.
1947 жылғы 16 қарашада БКП (б) ОК «Қазақ ССР-де жоғары және орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл маңызды шешім болатын, өйткені соғыс жылдарында КСРО ауылдық елді мекендердегі міндетті жетіжылдық және қалалық жерлердегі онжылдық білім беруді кідірткен болатын. Ол кезде жеңіске жету үшін буыны қатаймаған балалардың көмегі де қажет болғандықтан, білім беруге екінші кезекте мән берілді. Соғыс бітісімен еліміз өткеннің қарымын қайтаруды бастады: біртіндеп мектептерге қаржы бөлініп, оларды техникалық құрал-жабдықтармен және қажетті заттармен қамтамасыз ету басталды. Политехникалық білім құнды болып, оның алғашқы бастаулары мектеп қабырғасында беріле бастады. Білім беру саласына бөлінген зейін өз жемістерін бере бастады: егер 1948 жылы мектепте білім алмаған балалар саны 200 мыңды құраса, келесі онжылдықта бұл сан 16 мыңға дейін төмендеді. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-де халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады.
Соған сәйкес 1962-1963 жылдары мектептер 8 жылдық білім беруге көше бастады. Еңбек политехникалық мектептері 11 жылдық білім беруге көшті. Совет мемлекетіне қажетті мамандыққа түскендерге қолдау көрсетілді. Еңбек етуші жастардың мектептері ашылды. Осы кездері педагогикалық білім өте танымал болып, педагогтар мәртебесі КСРО-да өте жоғары болып, мұғалімдер зор құрметке ие болды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білім алғандар саны 11 есе өсті. Тың игеру жылдарында КСРО-да ауыл шаруашылық-техникалық білім беру жүйесі қызмет етті. Оның үстіне, Кеңес одағының барлық түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеруге адамдар легі ағыла бастады. 70-ші жылдары жалпы орта білім беруге көшуге үлкен көңіл бөле бастады. Ал 80-ші жылдардың басында жалпы орта білім міндетті сипатқа ие болды. 1984 жылы жаңа мектеп реформасында материалдық-техникалық базаның сапасына баса көңіл бөліне бастады; оқушылар 1-ші сыныпқа 6 жастан бара бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс тілінде оқытатын мектептер басым болды. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны әжептәуір қысқарып қалды. Шағын деревнялар мен ауылдарда мектептер жабылып немесе біріктіріле бастады. Кейбір мектептер орыс және қазақ тілдерінде біріктіріп оқытты. 80-ші жылдардың ортасында Қазақстанда 55 жоғары оқу орны және 246 арнайы орта білім беру мекемелері болды. Оларда 200-ге жуық түрлі мамандықты ұсынды. Соғыстан соң Қазақ КСР-інің жағдайы мәз емес еді, бірақ қарапайым халықтың қажырлы еңбегінің арқасында өмір сапасы біртіндеп арта бастады. Мектептерге, арнайы оқу орындарында және жоғары оқу орындарына үлкен көңіл бөліне бастады, өйткені елдің әрі қарайғы тағдыры дәл осы жас ұрпақтың қолында болатын.
38.Тоталитарлық жүйе дегенімізді қалай түснесің?
Достарыңызбен бөлісу: |