1 апта: Практикалық сабақ тақырыбы: Шешендіктану /риторика/ дегеніміз не? Бұл ғылым ба, әлде өнер саласы ма? Кімдерге арналған сала? Осы тақырыпта өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз



бет4/5
Дата05.03.2023
өлшемі38,72 Kb.
#71780
түріСабақ
1   2   3   4   5
М.Т.Цицеронның «шешендер жүре келе қалыптасады» деген тұжырымына баса акцент берген. Бүгінгі күні де осы сияқты талаптар өзектілігін жойған жоқ. Рухани құндылықтар туындата отырып, біз шешенге қажетті ғылым салаларының тізбегін тек толықтырамыз. Шешен сөйлей білу үшін қандай өзге ғылым салаларының қажеттілігін нақтырақ аңғарту мақсатында шешеннің сөйлеу үстіндегі сатылы жұмысының қос жүйесіне назар аударып көрелік. Классикалық риторикаларда шешен міндеті болып: 1) не айтарыңды білу; 2) табылған мәліметтерді рет-ретімен орналастыру; 3) оған сәйкесті сөздік форма беру; 4) бұлардың бәрін жадыда бекіту; 5) сөз сөйлеу есептеледі. Бұған шешендіктанудың негізгі бес бөлімі сәйкес келеді .Сондай-ақ, Цицеронның түйіндеуінше, шешен міндетіне: тыңдаушылар назарын өзіңе ыңғайлау, іс мәнісін баяндау, даулы (кереғар) сауал туындату, қарсыласыңыздың пікірін жоққа шығару, қорытынды бөліміндегі өз жеңісіңізді бекіту енеді. Қазіргі кезең зерттеушілерінің еңбектерінде шаршы топ алдында сөз сөйлеуге даярлық пен оны жүзеге асырудың басты кезеңдері 3-сызбада көрініс тапқан. Шынтуайтына келгенде, бұл - маңызды коммуникативті сатының әдістемелік қалтарыстарының үстемеленуі нәтижесіндегі классикалық модельдердің нақтылануы. Келесі бір мәнді аспекті - шешеннің тіл мәдениеті, яғни сөйлеудің тиімділігін, ұғынықты да түсініктілігін және мәнерлілігін қамтамасыз ететін, ана тілінің барлық байлықтарының ішінен аса қажетті әсер етуші тілдік құралдарды іріктеп, саралап алу білігінің болуы. Тілмен, стильмен жұмыс - сөйлеуге даярлану кезеңінде міндетті, дегенмен шешеннің тіл мәдениеті шын мәніндегі тексерістен, алдын-ала редакцияланып әзірленген мәтіннен бас тартуға тура келген, міндетті импровизацияны талап ететін нағыз сөйлеу мезетінде өтеді. Шешеннің жалпы тіл білімінен білімі терең болған сайын, оның сөйлеу мәдениеті аса жоғары болғаны.
Жақсы ойластырылған, алдын-ала мұқият редакцияланған, стильдік тұрғыда іріктелген, екшелген сөз жанды аудиторияға лайықты талапқа сай қалыпты дыбысталуы тиіс. Шешендік шеберліктің аса мәнді элементтерінің бірі - сөйлеу техникасын меңгеру. Ол бір қарағанда бір-бірінен алшақ тұрған, бірақ шын мәнінде шаршы топ алдында сөйлеудің қалыпты әуезділігін, анықтылығын, түсініктілігі мен интонациялық байлығын қамтамасыз ететін физиология, анатомия, акустика, фонетика, орфоэпия, сахналық сөйлеу және тағы басқа ғылым салаларының мәліметтеріне арқа сүйей отырып, сөйлеу тәжірибесіне қажетті жағдайларды мүлтіксіз реттейді. Сөйленер сөздің алғашқы иірімдері қалыптасу кезеңінде, әсіресе, алдағы сөйленетін сөзге даярлық үстінде шешен белгілі бір аудиторияны жобаға алып, ойша оның моделін жасауы тиіс. Шешеннің сөз сөйлеуінің алғашқы минуттарынан бастап бұл модель «жандана» бастайды, нақты мазмұнымен толығады, тыңдаушылар мен шешен біртұтас байланысқа түседі, құндылықтардың, ерік сапалары мен түйсіктердің, эмоциялардың қызғылықты жарысы басталады. Бұл жарыстың қалпын мейлінше дәл болжап, жеңіске жету үшін, алғы / ежелгіліктердің өздері-ақ қоя білген/ үш мақсатқа /сендіру, иландыру; жайбарақат күйге түсіру; аудиторияның назарын аударту/ толық қол жеткізу үшін, шешен жалпы және әлеуметтік психологияның, педагогиканың мәселелеріне ұтымды сүйене білуі, шаршы топ алдында сөйлеу әдістемесін меңгеруі тиіс. Басқаша айтқанда, оған жоғары психологиялық-педагогикалық мәдениет тән болуы тиіс. Осы аталған ғылым салалары шешенге аудиториямен жұмыс жасауда аса қажетті. Бұлар өзіндік стиль табуға, мінез-құлықтағы кездесетін кейбір олқылықтарды жоюға көмектесетін аса қажетті өзіндік тұлғалық, психологиялық сапалық қасиеттерді екшеуге, дамытуға, қалыптастыруға жәрдемдеседі. Мінбедегі шешен қалпы, оның тыңдаушылармен тіл табысу, байланыс жасау формалары, өз іс-әрекетімен оларды басқару әдістері, сондай-ақ шешен мен аудиторияның қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған кездейсоқ жағдаяттардан жол тауып шыға білу үшін тек психологиялық білімге ғана арқа сүйелмейді, бұған қоса сөйлеушінің қаншалықты шешен этикасын білуіне де, қарымқатынас мәдениеті деңгейінің мөлшеріне де байланысты. Демек, шешендік теориясымен, практикасымен тығыз байланысты негізгі ғылым салаларының тізіміне алғашқы ретте философиялық ғылымдар /логика, этика, эстетика/, сондай-ақ тіл білімі, психология, педагогика, физиология, актерлік шеберлік салалары енеді.
Бұл ғылым салаларын оқып-үйрену, шаршы топ алдында сөйлеуде олардың заңдарын қолдану шешеннің басты міндеті болып табылады. Олар сөйлеу шеберлігіне қажетті логикалық мәдениет, тілдік норманы сақтау мәдениеті, психологиялық-педагогикалық мәдениет, қарым-қатынас жасау мәдениеті, сөйлеу техникасы деңгейімен қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет