1 апта: Практикалық сабақ тақырыбы: Шешендіктану /риторика/ дегеніміз не? Бұл ғылым ба, әлде өнер саласы ма? Кімдерге арналған сала? Осы тақырыпта өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз


шешендік сөз - жанды сөз әрекеті арқылы көрініс беретін эмоционалды-интеллектуалды шығармашылықтың ерекше бірегей түрі



бет3/5
Дата05.03.2023
өлшемі38,72 Kb.
#71780
түріСабақ
1   2   3   4   5
шешендік сөз - жанды сөз әрекеті арқылы көрініс беретін эмоционалды-интеллектуалды шығармашылықтың ерекше бірегей түрі. Ол бір мезгілде адамның санасына да, сезіміне де әсер етеді. Шаршы топ алдында сөйлеу шеберлігі адамға тән ойланыстың қос формасын шебер қолдана білуден тұрады. Әсіресе, шешендік өнер мен әдебиет, шешендік өнер мен театр өзара жақынырақ. Нағыз шешен әрқашан да үш сатыда, яғни өз айтар сөзін ойдан шығарушы, құрастырып, жүйеге келтіруші және орындаушы ретінде көрінеді. Шешендік өнер теоретигі А.Ф.Кони шешендіктануды ауызша түрдегі әдеби шығармашылық деп есептеді. Аристотель шешендік пен поэзияға тән ортақ бірліктерді таба білді. Демосфен мен Цицероннан бастап, атақты шешендердің барлығы да шешендік өнерде актерлық амалдарды қолданды. Сонау антикалық дәуірдің өзінде-ақ шешендіктануға білім жүйесінің бір бөлімі ретінде, өмірдің күрделі де шым-шытырық құбылыстарын талқылау әрі тану амалы ретінде қараған. Ол өзге ғылымдардың бұлжымас жүйесіне сүйенеді, олардың мәліметтерін пайдаланады. Әсіресе, шешендіктану мен логиканың байланысы басымырақ, тіпті ежелгі дәуірде олар бөлінбес бірлікте де қарастырылған. Ежелгілер: «Шешендік – білім нәтижесі», - деген. Цицеронның пікірінше, шешендікке тән аса қажетті үш саласы (талант – ingenium, дағды - usus, білім - doctrina) сай адам ғана дүлдүл шешен болып қалыптаса алады, бұлардың ішінде ғылым бәрінен де маңыздырақ, себебі сайыс нәтижесі білімді шешен пайдасына шешілмек. Цицерон шешенді баулып қалыптастырудағы бірден-бір маңызды пәндердің сапына әдебиетті, тарихты, құқық пен философияны (әсіресе, оның логика және этика бөлімдерін) жатқызады Осы орайлас ойларды жалғастыра келе, М.В.Ломоносов шешендікті меңгеру үшін, табиғи дарындылық, ғылым, дүлдүл шешендерге еліктеу, шығармашылық тұрғыда машықтану, өзге ғылым салаларынан хабардар болу сияқты бес түрлі қалып-қасиеттің аса қажеттігін баса айтады. Бұл арада «ғылым» шешендікке барар нақты да бірегей, бұлжымас жолды нұсқаудан, қажетті ережелерді танытудан құралса /бұл арада шешендіктану/, М.Ломоносов өзге ғылымдардың ішінен тарих пен этиканы ерекше бөле-жара атайды. Орыс риторы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет