1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны


Сонымен қатар, ҚҚА-нің статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, елемізідің қаржы нарығының келер 5 жылға болжам жасалынған



бет14/15
Дата27.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28957
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-20817

Сонымен қатар, ҚҚА-нің статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, елемізідің қаржы нарығының келер 5 жылға болжам жасалынған.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін институционалды дамыту арқылы реттеу мен қадағалау жүйесін күшейту мақсаты бойынша, тұрақты кадрлар санын алдағы 5 жыл ішінде жыл сайын 20%-ға арттырып отыру, ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін жыл сайын 6,5-9%-ға арттырып отыру, басқару қызметінде гендерлік теңдік деңгейін 5 жыл көлемінде 35%-ға дейін көтеру, дағдарыстық жағдайларды болдырмауға ықпалын тигізетін тəуекелдерді бағалау негізіндегі банктердің қаржылық тұрақтылығына толыққанды мониторингке негізделген қадағалау үдерісін жетілдіру мақсаты бойынша депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 35%-дан кем емес болуына, пайыздық ставка спрэді 11%-дан кем емес болуын, ЖІӨ-де сақтандыру сыйақыларының үлесінің жыл сайын арттыру (0,69-0,83), Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жинақталған сақтандыру сыйлықақылардың үлесі жыл сайын 8,6%-дан 10,6% аралығында арттырудың және тағы басқа да көптеген мүмкіндіктер жетерлік.

Егер ел экономикасы осындай нақты қадамдармен дами берер болса, қаржы нарығыныдағы жағдай жоспарланғандағыдай, тіпті одан да асып түсетініне сенеміз және ұлттық қаржы нарығының перспективалары зор екеніне нық сенеміз.


Қорытынды
Дамыған қаржы нарығы – кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да ұлттық экономикалық жүйесінің элементі. Сонымен бірге ол нарықтық механизмнің аса маңызды құрылымдық элементі болйп табылады.

Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы несие жинақтау мекемелері инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және тағы басқа.

Кез келген мемлекеттің қаржы нарығының даму деңгейі, менің ойымша, сол елдің нарықтық экономикада қаншалықты тұрақтап тұра алатыны көрсетеді. Елдің қаржы нарығы қаншалықты дамыған деңгейде болса, со ел соншалықты сенімділікпен нарықтық экономиканың соқпақтарына төтеп бере отырып, сол нарықта өмір сүре алады.

Жалпы қорытындылайтын болсақ, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы нарығының мәні мен мазмұнын, ұаржы нарығының құрылымын теориялық негізде талқыланған.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші бөлімде қарастырылған әрбір нарықтың соңғы жылдар ішіндегі жағдайы кестелер мен диаграммалар түрінде көрсетіліп, талдау жүргізілген.

Үшінші бөлім – бұл курстық жұмыстың ең негізгі, қорытындылаушы бөлім. Мұнда ұлттық қаржы нарығының негізі ретіндегі қор нарығының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары көрсетілген, АӨҚО-ын халықаралық қаржы орталығы ретінде қарастырылып статистикалық мәліметтерге сүйене отырып еліміздің қаржы нарығының даму перспективадары қарастырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет