1. Асинхронды қозғалтқыштардың тежелу режимдері, шарттары, теңдеулері


Электр жетегінің күштік бөлігінің электрлік және электр механикалық құрылғыларын атаңыз. Электр қозғалтқыштарының жіктелуі



бет16/23
Дата18.08.2023
өлшемі425,6 Kb.
#105380
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
привод

Электр жетегінің күштік бөлігінің электрлік және электр механикалық құрылғыларын атаңыз. Электр қозғалтқыштарының жіктелуі


Электр жетегі күштік канал және ақпараттық канал болып бөлінеді. Күштік каналдың электрлік бөлігі: -қөрек көзінен электр энергиясын беруші элементтер; -электр қозғалтқыштарМеханикалық бөлігі: -механикалық беріліс; - қондырғының атқарушы орган.Қозғалыс түріне байланысты электржетектері айналмалы, бір бағытта түсетін және реверсивті қозғалысты, қайталанбалы түсетін қозғалысты болып бөлінеді.Жылдамдықты басқару принципі мен қадағалау сатысына байланысты электржетегі бөлінеді:- басқарылмайтын электр жетегі. Жұмыс машинаның орындайтын бөлігінің қозғалысының координаталарының өзгерісін қадағалау мүмкін емес. Осыған орай қозғалыс параметрі әсірелейтін әсер нәтижесінде ғана өзгереді.басқарылатын электр жетегі. Технологиялық процестердің сұранысы бойынша жұмыс машинасының орындайтын бөлігінің қозғалысының координаталарының өзгерісін қадағалау мүмкіндігі бар;- бақылау электр жетегі. Өзгеріп отыратын беретін сигналдарға байланысты жұмыс машинасының орындайтын бөлігінің орын ауыстыруын қамтамасыз етеді;- программалы-басқарылатын электр жетегі. Берілген программа бойыншажұмыс машинасының орындайтын бөлігінің орын ауыстыруын қамтамасыз етеді;- адаптикалық электр жетегі. Өзгерген параметр мен әсірелейтін әсерлерге басқару жүйесінің құрамы мен параметрлерін өзгерту арқылыавтоматты түрде өзгеріп, үйреніп отырады;- позициялық электр жетегі. Орындаушы бөліктің белгіленген жерге орын ауыстыруы.- автоматтандырылмаған электр жетегі. Барлық операцияларды оператор орынайды. - автоматтандырылған электр жетегі. Басқару операциясының жартысы операторсыз, сәйкестендірілген құрылғылар арқылы орындалады. Механикалық беріліс құралдарының тегіне байланысты бөлінеді:редукторлы электр жетегі – электр қозғалтқышы жұмыс машинасымен беріліс құралдарының бір түрімен жалғанған;редукторсыз электр жетегі – электр қозғалтқыш жұмыс машинасымен қосымша беріліс механизімінсіз тікелей жалғанған.Қозғалтқыш қоректенетін тораптың ток тегіне байланысты электржетегі тұрақты және айнымалы токты электр жетегі болып бөлінеді.Механикалық энергияны орындаушы бөлікке жеткізу түріне байланысты электржетегі бөлінеді: топтық, жеке даралық, көп қозғалтқышты және өзара байланысқан электр жетегі. Топтық электр жетегінің мінездемесіне келсек, бір қозғалтқыштан бір не бірнеше жұмыс машинасының бірнеше орындаушы бөліктері қозғалысқа келтіріледі. Бұл электр жетегінің тәсілі оның дамуының бастапқы этапында кеңінен қолдынылып, күрделі кинематикалық жүйеден тұрғандықтан (механикалық береліс құралы), эксплуатациясы мен өндіріс процесінің автоматтандырылуын қиындата түседі. Бұндай механизмдердің күрделі кинематикасы жекелей жобалануы үшін үлкен шығыны, дайындалу дәлдігіне жоғары сұраныс топтық электржетегінің басты кемшілігі болып табылады. Өндіріс механизмінің қуат бірлігінің өсуі, өндіріс процесінің және механикалық жүйенің автоматтандырылу қажеттілігі, механизмдар мен жұмыс машинасының механикалық беріліс құралдарының қарапайымдылыққа ұмтылуы топтық электржетегін жекелейге ауыстыруға алып келді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет