Электр қозғалтқыштары мен механизмдер сандарының қатынасы бойынша жіктелетін электр жетегінің түрлеріне анықтама беріңіз
Топтық электр
жетегінің мінездемесіне келсек, бір қозғалтқыштан бір не бірнеше жұмыс машинасының бірнеше орындаушы бөліктері қозғалысқа келтіріледі. Бұл электр жетегінің тәсілі оның дамуының бастапқы
этапында кеңінен қолдынылып, күрделі кинематикалық жүйеден
тұрғандықтан, эксплуатациясы мен өндіріс процесінің автоматтандырылуын қиындата түседі. Бұндай механизмдердің күрделі кинематикасы жекелей жобалануы үшін үлкен шығыны, дайындалу дәлдігіне жоғары сұраныс топтық электржетегінің басты кемшілігі болып табылады. Өндіріс механизмінің
қуат бірлігінің өсуі, өндіріс процесінің және механикалық жүйенің
автоматтандырылу қажеттілігі, механизмдар мен жұмыс машинасының механикалық беріліс құралдарының қарапайымдылыққа ұмтылуы топтық электржетегін жекелейге ауыстыруға алып келді. Жеке даралық электржетегі-жұмыс машинасының әрбір орындаушы бөлігінің қозғалысы жеке электр қозғалтқышпен жүзеге асырылады. Қозғалысты қозғалтқыштан жұмыс машинасына беруге арналған механикалық беріліс
құрылғысы қарапайымдыланып, технологиялық процесті автоматтандыру
жеңіл іске асады, жұмыс машинасына қызмет көрсету жағдайы жақсарады. Сондықтан жетектің бұл түрі қазіргі кезде негізгі болып табылады. Көпқозғалтқышты электржетегінде машинаның орындайтын бөлігі бірнеше қозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтіріледі Өзара байланысқан электржетегінде бір не бірнеше бір-бірімен электрлі немесе механикалық байланысқан электр жетектері бар. Олардың
жұмысы кезінде жылдамдығы, жүктемесі немесе жұмыс машинасының орындаушы бөлігінің орнының тепе-теңдіктері ұсталынып тұрады.Электрлі өзара байланыстары жоқ өндірістік роботтар мен манипуляторлардың кейбір механизмдары біріккен жұмыстары кезінде өзара байланыстарын көруге болады. Мысал үшін манипулятордың қолының қозғалысы бұрылыс механизмінің инерция
моментінің өсуіне әкеледі, ал бұрыс жылдамдығының өсуі орталыққа тартқыш күш әсерінен қолдың қозғалыс механизмінде қосымша жүктеме туғызады.