1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қабылданатын емтиханның мақсаты мен міндеттері



бет10/22
Дата11.12.2023
өлшемі225 Kb.
#136943
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Казахский язык и литература - каз (1)

Балалар әдебиеті.

Қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалар. Сапарғали Бегалин, Қалмақан Әбдiқадiров, Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлiмбаев, Бердiбек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Өтепберген Ақыпбеков т.б. сияқты ақын-жазушылардың баланың ішкі жан дүниесін, психологиясын берудегі шеберлігі.

  1. Қазақ повесі және әңгіме жанры.

Повесть және әңгіме жанрының даму ерекшеліктері. Повесть және әңгімелердегі замана шындығын көрсету проблемасы.Тақырыптық, идеялық, сюжеттік, композициялық жаңалықтар.. Өмір-уақыт сырлары. Адам мен оның еңбегінің көрінуі. Образ жасау жолдары. Адам мұраты мен тағдыры. Кезең көріністері. Руханият бедері.

  1. 1960-90-шы жылдардағы қазақ поэзиясы.

Қазақ поэзиясындағы тақырыптық-идеялық, көркемдік бітімі.1960 жылдардан кейінгі кезеңдегі Ұлы Отан соғысы тақырыбының қазақ поэзиясында жырлану сипатымен қатар кеңес адамдарының отаншылдық сезімі, ғарышты игеру, халықтар достығы, адамгершілік, мораль, этика мәселелері кеңінен жырланды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүр мен діни тақырыптағы өлеңдер жазыла басталды. Әдебиетке 60-шы жылдары қосылған ақындар поэзиясының ерекшелігі. Поэзиядағы тақырып, жанр проблематика мәселелері. Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы және жаңашылдық. 1960 жылдар поэзиясындағы лириканың даму ерекшелігі. Эпикалық жанрдың даму сипаты. Ақындық өнер. Жанр табиғаты. Ізденіс арналары.



  1. 1960-90-шы жылдардағы драматургия.

Драматургиядағы идеялық бағыттар мен тақырыптық ізденістер. Драмалық тартыс пен типтік образ жасау жолындағы тенденциялар.Тақырып төңірегіндегі саяси шектеудің зардаптары. Драматургиялық жанр табиғаты. Психологиялық, қаһармандық драманың өркендеуі. Қ.Мұхаммеджанов – драматург. Қ.Мұхаммеджановтың шығармашылық өмірбаяны. "Бөлтірік бөрік астында", "Қуырдақ дайын", "Құдағи келіпті" пьесаларының тақырыптық сипаты, жанрлық құрамы, сюжеттік желісі. Комедиялық мінездері мен ситуациялар, мотивтер. "Көктебедегі кездесу", "Біз періште емеспіз" пьесалары. Образдар жүйесі, тартыс табиғаты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет