Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм
1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм
Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл – дар – дан.
Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден.
Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен – саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық.
Түрік тілдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі – үш буыннан құралғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан (тамыр, тоқсан), не бір өңкей жіңішке (көңіл, көлеңке) түрде келеді. Бұл айтылғандарды түркі тілдерінен байырғы лексикасына қатысты деп түсіну қажет.
Анығырақ айтқанда, біркелкі жуан буындардан немесе біркелкі жіңішке буындардан құралған сөздер көбінесе байырғы сөздер болып табылады. Жуанды – жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздердің тобына енеді. Аралас буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның ыңғайына икемделіп жалғанады. (кітап - қа, мұғалім – ге, антоним - дер)