А. Байтұрсынов ерін сингармонизімің негізін ғылыми ізденістер жүргізбеген, оның себебі, біздің ойымызша, ерін сингармонизімінің қазақша сөйлесім процесінің мәні мен қызметінің әлсіздігінде, сондықтан қазақ индивидінің есту қабілетінің (фонологиялық елегінің) айқын қабылдамауында. «Сингармонизм» терминін тіл білімінде бірінші болып қолданған Х. Досмұхамедұлы. Сингармонизмді (әлем тіл білімінде) тұңғыш болып «дауыстылар гармониясы» ұғымында емес, жалпы «дыбыстар гармонисы» ұғымында түсініліп зерттеулер жүргізілген. А. Байтұрсынов «сингармонизм» термиін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің әліпбиін жасағанда дыбыс жүйесін зерттегенде «сингармонизм – сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі» ұғымында нық тұрған. Яғни, А. Байтұрсынов пен Х. Досмұхамедұлының сингармонизмді түсінулері, қазақ дыбыс жүйесін зерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген. Қазіргі қазақ тілі фонологиясы
А. Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан мынадай ғылыми ұғымдарды қабылдап, дамытты.
1. Сингармонизм – қазақша тілдесінің негізгі қасиеті.
2. Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың).
Буын — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі.
Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер:
2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп);