1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


жылғы тамыз төңкерісі.КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы



бет51/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Сессия аза стан тарихы (4)

96. 1991жылғы тамыз төңкерісі.КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы.

96. 1991жылғы тамыз төңкерісі.КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы.


1991 жылғы «Тамыз бүлігі» және Кеңестер Одағының ыдырауы


1991 ж. 19-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп
жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С.
Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков,
КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов,
КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 19 тамыз күні Төтенше
жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық
билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес
Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу
мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен
байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға
денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол
қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы
бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға
бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде
қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және
нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әкімшіл-
әміршіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жагдайлар жөніндегі
Мемлекеттік комитеттің №1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық
ұйымдар мен Бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды және
митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге
шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н.
Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы
мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э.
Шеварднадзе және т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер
мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз
кезегінде тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі
жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей
үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты
қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен
қылмыстық іс қозғалды.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың
ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың
жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты.
Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның
ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі
Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республи-
каларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме
қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың
Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру
шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп
отырган тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа
алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік
шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар
күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің
жаңа одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты.
Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық
міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына
жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді,-деп
атап көрсетілді.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы
көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта
Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика

егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне,


осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта
Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.
Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде
құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше
атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан
кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда
қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік
мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет
басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар
құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет
басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің
барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы
өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды
және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі
келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін
Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің
орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы
желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының
келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және
билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне
жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер
республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның
«Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару қүрылымын жетілдіру
және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен
қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика
Президентін бүкілхалықтық сайлау болып өтті. Халықтың демократиялық
жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә. Назарбаев Президент болып
сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура,
мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды;
Қазақстанның
мемлекеттік
қорғаныс
комитеті
ұйымдастырылды;
Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і
үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық
қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы
мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ
жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет одан
ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы
болып өзгертілді.

97.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.


1980 жылдардың аяғына таман Кеңес мемлекеті ыдырай бастады.


КСРО халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады.
Қоғамды жаңғыртуға бағытталған қозғалысты Н.Ә. Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысты.
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады.
1991 жылғы тамыз оқиғасы КСРО-ның күйреуін жылдамдатты.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою және Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру болды.
Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялауын тездетті.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін қолдайтындарын білдірді.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
Тәуелсіздік қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды.
Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды.
Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтар сырлары ашылды. Жазықсыз жазаланғандар ақталды.
Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстар артты.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

98.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы.


Конституция


(лат. Constitutio-құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңнын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституция қабылданды.


Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.


1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері баян етілген.


Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. «Жалпы ережелер» деп аталған I бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жарияланған.


Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер «Адам және азамат» деп аталған II бөлімде жинақталып берілген.


III бөлімде Президент, IV бөлімде Парламент, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалу мерзімдері мен заңдары, өкілеттіліктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі сыртқы саясатты айқындап жүргізуі, т.б. баяндалған.


VI бөлімде Конституциялық Кеңест, VII бөлімде Соттар мен сот төрелігі жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері VIII бөлімде Жергілікті Мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару,соңғы IX бөлімде Қорытынды және өтпелі ережелер берілген.


Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады.


Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.




99. КР мемлекеттік раміздері: Туы, Елтанбасы,
Энуранынын бекітілуі.


Жауабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.


Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.


Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет