100. Казакстан Республикасы Карулы куштерінін курылуы.
Жауабы : Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды. Құрылғаны 7 мамыр 1992 Күштер тараулары Құрлық күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-теңіз күштері Әуеұтқыр әскерлері Ракета әскерлері мен артиллериясы Арнайы әскерлер Басшылық Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Штаб бастықтары комитетінің төрағасы Марат Құсайынов[1] Әскери қызметі Әскери қызмет жасы 18 Әскери қызметке шақыруы 12 ай (ең кемінде) 101. Улттык валютаны енгізу жоне онын манызы. Казакстан Республикасынын мемлекеттік шекарасын белгілеу. Жауабы: Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналысқа енгізілсін.1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады. Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер қабылдауға міндетті. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
Көршілес елдермен 14 мың шақырымға жуықтайтын, соның ішінде, дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын 7,5 мың шақырым болатын мемлекеттік шекарасы бар Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап өзінің территориясын нақтылап алуға аса жоғары деңгейде стратегиялық маңыз берді.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мәселенің мәнісін тереңінен түсініп, ғасырлар тоғысында аймақтағы геосаяси жағдайдың күрделене түсетіндігін алдын ала болжап, көршілес елдермен мемлекеттік шекара сызығын анықтауға баса назар
аударғанының арқасында Қазақстан шекара түйткілдерін халықаралық талаптарға сай тұтастай шешіп алды деуге негіз бар. Мұны еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерінің біріне жатқызуға әбден болады.
Стокгольмнің бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының жүргізген зерттеулері бойынша, бүгінгі таңда әлемде құрлықтағы шекаралардың 25 пайызы толық анықталмаған көрінеді. Сондай-ақ, аталған институт соңғы кездегі қақтығыстардың 15 пайызы шекаралық мәселелердің шешілмеуінен туындап отырғанын, шекаралық таластан шыққан қақтығыстардың жалпы саны 95-ке жеткенін мәлімдеді. Осыдан-ақ шекараны нақтылап, заңдық тұрғыда бекітіп алудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.
Жалпы, Қазақстан аумағы бес мемлекетпен шектеседі: Қытай (шекара ұзындығы шамамен – 1 783 км), Қырғызстан (1 257 км), Өзбекстан (2 351 км), Түрікменстан (458,3 км), Ресей (7 548 км).
Қазақстан өзімен шектесетін аталған елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеуде байыпты саясат ұстанғаны талас тудырмайды. Мәселен, Қытаймен арадағы мемлекеттік шекарамызды халықаралық-құқықтық ресімдеу үдерісінде делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдар аралығында өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды. Осының нәтижесінде, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның шекаралық белгілермен белгіленуін егжей-тегжейлі сипаттап берген халықаралық шарттар жасалды. Бұл демаркациялау процесін екі ел арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімнің 4-бабына сәйкес тараптардың бірлескен демаркациялық комиссиясы жүргізді. Процеске 2002 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттаманың бекітілуі арқылы нүкте қойылды.