37
әрекеттері наразылықты күшейте түсті.Зиялылар елді сабырға шақыруға тырысты. Олар үкімет жарлығына
қарсы шығудың орны толмас өкінішке әкелетінін халыққа түсіндірді. 11-шілде күні «Қазақ" газеті бетінде,
«Алаш азаматтарына!» атты үндеу жарияланады. Ә.
Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов
қол қойған үндеуде: «Көнбейміз деушінің сүйенгені жан тәттілік болса салыстырып қаралық: …Көнгенде —
шаруаға кемшілікте келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке-де ұшырар,
бірақ елдің іргесі бұзылмас
(қазаға ұшырар деп ауру-сырқаудан болған қазаны айтамын, әйтпесе солдат қылып алмайды, соғыстан
өлмейді). Көнбегенде көретін ауырлық — бағынбай үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда,
бас қорғап үйде
қаламыз деп, мемлекетке қамшымыздың ұшын бермесек, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас,
күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер»[6] — деп жазылды. Бұл сол кезеңдегі ауыр жағдайға байланысты
қабылданған шешім еді. М. Тынышбаев, «Қазақ" газетінің осы үндеу жарияланған саны, аса
маңызды хабар
жеткізуші нөмір ретінде тез тарап кеткенін көрсетеді. «Оқыған азаматтар газеттің осы нөмірінің бірнешеуін
жаздырып алып, халық арасына үлестірген»
Достарыңызбен бөлісу: