1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


​ Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы



бет30/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
39.​ Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақ жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тұлғаның бірі – Керей хан. Тарихи әдебиеттерде оның есімі Кирай, Герей, Гирай, Керей түрінде кездеседі. Оның арғы ата-бабалары Моңғол империясының негізін қалаған – Шыңғысханнан басталып, Жошы ұлысының билеушісі – Жошы ханмен, Ақ Орданың билеушісі – Ордаеженмен жалғасады. Ал, бергі ата-бабалары – Алтын Орда мен Ақ Орданың ханы болған Орыс ханға кеп тіреледі де, Орыс ханнан Тоқтақия одан Болат, одан Керей хан шығады. 1457 жылы күз айының соңында туысы Жәнібек ханмен бірге қазақ хандығын құрайтын этникалық ру-тайпаларды Әбілхайыр хандығынан бөліп алып, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанады. 1458 жылдың ерте көктемінде өз ұлыстары ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай басқарады. Жәнібек хан – қазақ тарихында туысқан ағасы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаушы белгілі тұлға және екінші қазақ ханы. Шын есімі – Әбу Сайд. Оның да арғы ата – бабалары – Шыңғыс хан, Жошы хандар. Бергі аталары – тарихта есімі қалған Орыс хан, одан Қойыршақ хан, одан Барақ хан. Жәнібек хан шамамен XV ғасырдың басында дүниеге келген. Жәнібек хан Керей ханнан соң билікке келеді. 6-7 жыл билік жүргізеді. Оның тұсында хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болады. Біріншісі, 1469 жылы Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жасаған жорығында жеңіске жетеді. Екіншісі, 1463 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан соң, көшпелі өзбектер мемлекетіне Сібірден – Ибақ хан, Алтын Ордадан – Ахмет хан, Ноғай ордасынан – Мұса мен Жаңбыршы билер, Хорезмнен – Береке сұлтан, ал Қазақ хандығынан Жәнібек хан қарсы шығады. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. ХV ғасырдың 50-ші жылдарында, яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңында Орыс ханнан тараған Керей мен Жәнібек секілді шөберелерді санағанымызда, Темір Мәліктің ұрпақтарынсыз олардың саны 20-ға жуықтаған. Олардың ішінде жасы жағынан ең үлкені Керей болған. Сондай-ақ Орыс ханның үлкен ұлы – Тоқтақия, ал оның үлкен ұлы – Анике Болат, ал оның жалғыз ұлы Керей болғандықтан, ХV ғасыр ортасында Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен әулетінің, Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған. Қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға қатынасып, оны тұңғыш рет 10 жылдай билеген Керей ханның өмір жолы міне, осындай. Оның ұрпақтары Қазақ хандығының билігінен айырылса да, Керейдің қазақ тарихындағы алатын орны айрықша болып қала береді. Өйткені қандай да бір саяси қозғалыстың немесе саяси үрдістің барысына жетекшілік ету, оның басшысы болу - әрқашанда ауыр, әрі абыройлы тарихи міндетке жатады. Ал ол іс, қозғалыс, үрдіс өміршең болса, онда тұлғаның да тарихи орны өміршең келеді. Қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға қатынасып, оны тұңғыш рет 10 жылдай билеген Керей ханның өмір жолы міне, осындай. Оның ұрпақтары Қазақ хандығының билігінен айырылса да, Керейдің қазақ тарихындағы алатын орны айрықша болып қала береді. Өйткені қандай да бір саяси қозғалыстың немесе саяси үрдістің барысына жетекшілік ету, оның басшысы болу - әрқашанда ауыр, әрі абыройлы тарихи міндетке жатады. Ал ол іс, қозғалыс, үрдіс өміршең болса, онда тұлғаның да тарихи орны өміршең келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет