Байланысты: 1 аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескерт
42. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағытбұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзінеқаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзінеқарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандарықазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтаққазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кездехандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығысоңтүстікте оған Жетісу жерінің шеті (Шу, Қаратал, Ілеөзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыссолтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстіктеЖайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағытерриториялық иеліктері де ұлғая түсті. Ноғай Ордасы бұлкезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысуменболды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарыныңбилігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюімемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілітабыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетіменсауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақхандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылғанөзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылыпотырды.
Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халықретінде Батыс Европаға, Руське еліне мәлім болды. Русьпендипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр. Қасым хан сыртқы саясат пен біргеішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Өз тұсында қазақхандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолындабіраз шараларды жүзеге асырды. Оның тұсындамемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі. Маслихат жылынабір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғысжариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысыболды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында, сонымен бірге заңқабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болған. Ханныңжанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болып, ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталықаппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орныболған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазаққоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатыменалғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұлзаң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрыпережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылманелдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің(шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімдібайырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халықбұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханныңқасқа жолы» деп атап кеткен. Бұрынғы заң-қағидаларғаенгізген ережелері :
1.Мүлік заңы; 2.Қылмыс заңы; 3.Әскери заң; 4.Елшілік жоралары; 5.Жұртшылық заңы. Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағындүниеге әкелді.
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақтайпаларын және қазақтардың этникалық территориясынбіріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқыбеделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи – Рашиди» атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандарыарасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанынақарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлеріарасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсызболып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптарыхандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілерінеқарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.
Өзара қырлысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көпұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 ж)
Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялықдарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адамболды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тияалмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәріменжауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқанШайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімдіодақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғытмырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты.Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқысаясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төртбұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты. Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізеалмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығынанаразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіпотырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқыТахир хан қол астына Қарахан миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен.1533 жылы Тахир хан қайтысболғаннан соң, қазақ ханы Бұйдаш (1533-1534 ж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстарБұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақхандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң туылған саясидағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстармен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы халықбұқарасын қатты күйзелтті, қазақ хандығын әбден әлсіретті.
Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсірегенхандықты нығайтып,біріктіруге Хақназар хан (1538-1580 ж) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардайұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткерболды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайлардадипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігіннығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсындабытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайтабіріктірді.
Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресінпайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өзжағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағытерриторияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасыИсмаил орыс патшасы IV Иванға «Менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханынақосылып кетті» деп хабарлады. Жайық өзеніне жапсарласжатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарындада жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасынажіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығайханзадасының және Жалым ханзаданың қазақ ордаларыжәне олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғайжерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақхандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделінарттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназардықазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшырағанНоғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдықүстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесіндебордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмірсүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақтайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақхандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақтайпаларының және қазақтардың этникалық территориясынбіріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңістіқадамдарының бірі еді.
1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алғанКөшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандықпозиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақхандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындайкүрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақхандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдариябойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келгенМауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланысорнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының біріТашкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарынтоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай досболып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңыздыболды.
Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдарытоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалықбайланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығыныңішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірініңоңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығынығайып, қайта дәуірлей түсті